8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Наурыз 2021 1559 0
Қоғам

БҚО ӘКІМІ «ПАРАСАТ ЖОЛЫ» ЖОБАСЫН ӨҢІРДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТУРАЛЫ ТАПСЫРМА БЕРДІ

Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген «Парасат жолы» республикалық орталығының басшысы Сәдібек Түгел және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева  облыс әкімі Ғали Есқалиевпен кездесті.

Кездесу барысында Агенттік өкілдері «Адалдық алаңы» жобасының маңыздылығы туралы айтып, жобаның елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысының орталығына айналғанын жеткізді.

Республикалық «Парасат жолы» орталығының жетекшісі, жазушы Сәдібек Түгел қоғамда дәстүрлі халық құндылықтарын дәріптеу, айналасындағыларға құрмет көрсету, білім мен еңбекке ұмтылу тәрбиелеудегі маңызды жұмыстарға тоқталды.

– Жергілікті атқарушы органдар қызметі – ашық және жариялы болуы қажет. Қабылданатын әр шешімді қоғам өкілдерімен бірлесе отырып қабылдау – халықтың қажеттілігін қанағаттандыруда ерекше орын алады – деп атап өтті Агенттік Төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева.

Кездесуге қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелерін талқылады.

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
339 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
359 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
338 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
376 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»