АГЕНТТІК ӨКІЛДЕРІ КОМПЛЕАНС ҚЫЗМЕТІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН АТАП ӨТТІ
18 наурызда БҚО-дағы «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында комплаенс қызметтерін дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізілді. Кеңеске өңірге іссапармен келген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының кеңесшісі Ж. Жылқышиева, «Парасат жолы» республикалық орталығының басшысы С.Түгел, облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Н. Самет, «Ақжайық адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы А. Салиева, сондай-ақ ірі жеке компаниялары мен әкімдікке қарасты коммуналдық, білім беру және медициналық мекемелердің өкілдері қатысты.

Ж. Жылқышиева комплаенс жүйесін квазимемлекеттік сектор саласына енгізудің мақсаты – осы саладағы лауазымды тұлғалар мен қызметкерлердің мінез-құлықтарының жоғары стандарттарына бейімділігін қалыптастыру, ашық және адал қызметті жүргізу, іскерлік беделді нығайту және ұйымға деген сенімді арттыру екенін айтты.
Сонымен қатар, ол елімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, комплаенс қызметін дамыту бойынша жүргізіліп жатырған жұмыстарға тоқталып, «Парасат жолы» жобасының маңыздылығын түсіндірді.
«Парасат жолы» жобасына Агенттік пен Мәдениет және спорт министрлігі бастамашылық етті. Ол зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен адалдық, парасаттылық, әділдік қағидаттарын қалыптастыруға, сондай-ақ қоғамда ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын ілгерілетуге бағытталған жаңа жоба болып табылады.
Облыстың бизнес және квазимемлекеттік сектор өкілдері өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, сондай-ақ осы іс-шараның маңыздылығын атап, «Парасат жолы» жобасына табыс тіледі.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме

Кіру
Пікір үстеу