8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Наурыз 2021 1666 0
Қалалықтар қаперіне

САУДА ОРТАЛЫҚТАРЫ, БАЗАРЛАР ЖЕКСЕНБІДЕ ЖҰМЫС ЖАСАМАЙДЫ – ЖАҢА ҚАУЛЫ

Бүгін, 18 наурыз күні БҚО-да  карантиндік шектеу шараларын күшейтуге қатысты жаңа қаулы шықты. БҚО бас мемлекеттік санитариялық дәрігері М.Арыспаев қол қойған қаулыға сәйкес, азық түліктік және азық-түліктік емес базарлар, сауда орталықтары жексенбі күндері жұмыстарын тоқтатуы тиіс.  Шектеу 20 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі. 

Қаулыда көрсетілгендей, азық-түлік және азық-түлік емес ашық базарлардың  жұмыс кестесі сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс жасайды. ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 «Қазақстан Республикасының халқы арасында короновирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қаулысының (бұдан әрі – ҚР МБСД №67) талаптарын сақтауы тиіс. Ал жексенбі күндері жұмысты тоқтатады.

Азық-түлік және азық-түлік емес жабық базарлардың жұмыс кестесі  – сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін. ҚР БМСД №67 талаптарын сақтауы тиіс. Ал сенбі және жексенбі күндері жұмысты тоқтатады.

Сауда үйлері мен орталықтарының жұмыс кестесі сағат 10.00-ден 23.00-ге дейін. Толтырылуы 1 келушіге 4 шаршы метрден кем емес есебімен объект сыйымдылығының 30 пайызынан артық болмауы керек. Оларда орналасқан азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды, сұлулық салондарын, химиялық тазартқыштар, гүлдерді сату дүкендерін, фотосалондарды, банктерді (банкоматтарды) қоспағанда, ҚР БМСД  №67 талаптарын сақтай отырып,  сенбі және жексенбі күндері жұмысты тоқтатады.

Азық-түлік емес дүкендердің (бөлек орналасқан) жұмыс кестесі – сағат 09.00 -ден 18.00-ге дейін, ҚР БМСД  №67 талаптарын сақтай отырып жұмыс жасайды.

Қоғамдық тамақтану объектілеріне – ҚР БМСД №67 Қаулысының талаптарын сақтай отырып, жұмыс кестесі сағат 9.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс жасауға рұқсат. Толтырылуы 50 пайыздан асырмай, 30 орыннан артық емес, үстелдер арасындағы қашықтық кемінде 2 метр сақталуы қамтамасыз етіледі, бір үстелге отырғызу 4 адамнан аспауы тиіс, ұжымдық, салтанатты, отбасылық және басқа да бұқаралық іс-шаралар өткізілмейді.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
76 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
70 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
70 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
67 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
120 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
94 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»