8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Наурыз 2021 1478 0
Дені сау ұлт

СӘУІРДЕ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛАТЫН КОНТИНГЕНТ КЕҢЕЙТІЛМЕК

Сәуірде коронавирусқа қарсы вакцина алатын контингент кеңейтілетін болады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Республикада коронавирус инфекциясына қатысты вакцинация жалғасып жатыр. Бүгінде бірінші компонентпен 83 839 адамға екпе жасалды. 22 ақпаннан бастап екінші компонентпен вакцинациялау басталды. 19 312 адам екпе алды. Қолайсыз жағдайлар тіркелген жоқ. Вакцинация еліміздің барлық өңірінде жүріп жатыр. 628 екпе пункті құрылған. Оның 451-і жұмыс істеп тұр. Барлығы да вакцинаны салқын жерде ұстауға қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз етілген», – деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, наурыз айының соңына дейін елімізде «Спутник V» вакцинаның 150 мың дозасы жеткізілетін болады. Олар еліміздің барлық өңіріне 1 сәуірге дейін бөлініп беріледі.

«Осыған байланысты сәуірде коронавирусқа қарсы иммундауға жататын контингенттің кеңейетіндігі күтіліп отыр», – деді Ерлан Қиясов.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
347 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
367 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
346 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
387 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»