8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Наурыз 2021 1570 0
Қоғам

«ПАРАСАТ ЖОЛЫ» ЖОБАСЫ КҮЙ АТАСЫ ҚҰРМАНҒАЗЫ МЕН КҮЙ АНАСЫ ДИНАНЫҢ ТУҒАН ЖЕРІНДЕ

16-18 наурыз күндері Батыс Қазақстан облысына республикалық «Парасат жолы» орталығының басшысы Сәдібек Түгел және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева жұмыс сапарымен келді.

Жұмыс сапарының алғашқы күні Жаңақала ауданында болды. Республикалық «Парасат жолы» орталығының басшысы С.Түгел және Агенттік Төрағасының кеңесшісі Ж.Жылқышиева аудандық кітапхананың және «Парасат жолы» орталығының жұмыстарымен танысып, зиялы қауым өкілдерімен кездесулер өткізді.

Аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин ауданда жүргізіліп жатырған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары туралы ақпараттандырып, парасаттылықты қалыптастыруда рухани құндылықтардың ерекшеліктерін атап өтті.

Кездесу барысында Агенттік Төрағасының кеңесшісі Ж.Жылқышиева елімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жүргізіліп жатырған жұмыстарға тоқталып, «Парасат жолы» жобасының маңыздылығы түсіндірді.

«Парасат жолы» жобасы Агенттік және Мәдениет және спорт министрлігі бастамасымен бастау алған. Ол зиялы қауым өкілдерін қатыстыра отырып адалдық, парасаттылық, әділеттілік қағидаттарын қалыптастыруға, сондай-ақ ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын қоғамда ілгерілетуге бағытталған жаңа жоба болып табылады.

Шара модераторы, Қазақстан журналисттер Одағының және Халықаралық жазушылар одағының мүшесі, ақын З.Сисенғали мұндай іс-шараның маңыздылығын айта келіп, ақын-жазушылардың еңбектері ерекшелігіне тоқталды.

Өз кезегінде, ауданның зиялы қауым өкілдері атқарылып жатырған жұмыстарға белсене араласатындықтарын атап өтіп, «Парасат жолы» жобасына сәттілік тіледі.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
45 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
44 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
45 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
42 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
96 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
72 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»