8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Наурыз 2021 2106 0
Өзек

МАЛ ҰРЛЫҒЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН 27 ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҰСТАЛДЫ

БҚО аумағында мал ұрлығы 16 пайызға азайған.  Нақтырақ айтсақ, 2019 жылы 411 бас малдың ұрлануы тіркелсе, 2020 жылы 344  бас жоғалған.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, көп жағдайда далада қараусыз жайылып жүрген малдар ұрланады. Өткен жылы тіркелген мал ұрлығы қылмыстарының 78,8 пайызы еркін жайылымнан жоғалған, 21,2 пайызы ғана қорадан ұрланған екен. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ұрланған малдың 69,4 пайызы иелерін қайтарылды.

БҚО Полиция департаменті  криминалдық полиция басқармасының бастығы Ерлан Арыстановтың баяндауынша, мал ұрлығымен айналысатын қылмыстық топтарды анықтау бойынша жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 2020 жылы 27 қылмыстық топ пен 178 мал ұрлаушы анықталып, олардың қылмыстық әрекеттері әшкереленді.

2020 жылдың сәуір айында ұзақ уақыт жүргізілген жедел әшкерелеу жұмысы нәтижесінде ағайынды Ешовтардың  қылмыстық әрекеті әшкере болып, оларға қатысты мал ұрлығы бойынша 45 эпизодты іс қозғалып, қазіргі уақытта сотқа жолданғаны мәлім.

Өткен жылдың ішінде  ұрын жасалған 110 мал ұрлығы қылмысы ашылды, оның ішінде 46-сы «өткен жылдар» санатына жатады.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
44 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
257 0
Құттықтаймыз!
Мемлекеттік наградалар табысталды
21 Сәуір 2026
595 0
Құттықтаймыз!
Жаңа кітаптың тұсауы кесіледі!
21 Сәуір 2026
311 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»