МЕЙРАМХАНАНЫҢ ОРНЫНА ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯ АШЫЛАДЫ
Оралдағы Зашаған кентінде бұрынғы мейрамхананың орнына отбасылық дәрігерлік амбулатория ашылады. Бұл туралы БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті.

Орал қаласындағы Зашаған кентінде кейінгі жылдары құрылыс нысандары белсенді түрде бой көтеруде. Мемлекеттік бағдарлама аясында тұрғын үйлер, жеке құрылыстар да салынуда. Тұрғын үйлер көпбалалы отбасыларға, мүгедектерге және басқа әлеуметтік санаттағы азаматтарға беріліп жатқаны мәлім. Бұл қаланың осы ауданына қызмет ететін №6 емханаға жүктеменің артуына әкелуде.
Қазірдің өзінде аталмыш емханада 44 учаске ашылған. Оның 39-ы – жалпы тәжірибедегі дәрігерлік, бесеуі – педиатрлық учаскелер. Учаскелер бір жалпы тәжірибелік дәрігер үшін – 1700 адамнан аспайтын жүктеме нормативіне сәйкес құрылан. Халыққа қызмет көрсету радиусының 15 шақырымға дейін ұлғаюына және медициналық көмекті «үйден 5 минут» қағидаты бойынша халыққа жақындатып, емхананың ауыртпалығын азайту қажеттілігіне байланысты «Балауса»және «Болашақ» шағын аудандарында отбасылық денсаулық орталықтарын немесе дәрігерлік амбулаторияны ашу қажеттілігі туындап отыр. Қазір бұл ықшамаудандарда 5700 адам тұрады, оның 5200-і – ересектер, 500-і – 5 жасқа дейінгі балалар.
«Бүгінгі күні «Aqjaiyq» ӘКК »АҚ-мен бірге« Болашақ» шағынауданынан қолайлы ғимараттың нұсқалары қарастырылуда. Мүмкін нұсқалардың бірі – 160 шаршы метрлік бір қабатты мейрамхана ғимаратын дәрігерлік амбулаторияға айналдыру. Ғимаратты сатып алудың жалпы құны шамамен 45 миллион теңгені құрайды. Бүгінгі күні мейрамхана әкімшілігімен ғимаратты денсаулық сақтау мекемелеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес қайта құру бойынша келіссөздер жүргізілуде» деп хабарлады басқарманың баспасөз қызеті.
Жобаны іске асыру осы аудан бойынша тіркелген тұрғындарға медициналық көмектің, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің, скрининг және алдын-алу шараларының қол жетімділігін жақсартады.
Сонымен қатар, 2022 жылы «Арман» шағынауданындағы М.Мөңкеұлы көшесіндегі 42 дақ бойынша көп қабатты үй пайдалануға берілмек. Қала әкімдігінің келісімімен мұндағы ауданы 1870 шаршы метрлік бірінші қабатта медициналық амбулатория болады деп күтілуде.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Жергілікті атқарушы органдар мен «КПО б.в.» компаниясы арасындағы өзара іс-қимыл пысықталды
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс

Кіру
Пікір үстеу