БҚО-ДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 358 ОҚУШЫ КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯ ЖҰҚТЫРҒАН
Коронавирус инфекциясының таралуы бойынша Батыс Қазақстан облысы бүгін «қызыл» аймаққа кіргені мәлім.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспаөз қызметінің мәліметінше, індет таралған уақыттан бері облыста жалпы коронавирустық инфекцияның 13 878 жағдайы тіркелген. Олардың 7 466-сында ауру белгілері білінген болса, 6412 жағдайда симптомсыз өткен. Бүгінде 11 459 азам жазылып шықты. Олардың 5160-ы стационарларда емделген, 6299-ы – амбулаторлық ем алғандар. Осы індеттен 219 өңір тұрғыны көз жұмды.
Өткен тәулікте 51 адамнан коронавирустық инфекция анықталды, апта ішінде 413 жағдай тіркелген.
Бүгінде covid-19 белгілері бар пневмониямен 250 науқас стационарға орналастырылған, 40 адам үйде емделуде.
Науқастардың алтауы өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. 14 науқас оттегі концентратымен демалуда. 68 науқас орталықтандырылған оттегіге қосылған.
Өңірде 591 орындық жеті инфекциялық стационар бар. Қазіргі уақытта инфекциялық стационарларда 275 науқас жатыр, яғни 46,5 пайызға толық. Карантиндік стационарлардың саны – төртеу, 195 кереуетке есептелген. Бүгінде 19 адам орналастырылған, толымдылығы 19,5 пайызды құрайды. 62 реанимацияық кереует бар, оларда 16 адам ем алуда, толымдылығы – 25,8 пайыз.
Сондай-ақ 1981 орын резерві дайындалған. Олардың 1221-і инфекциялық, 765-і карантиндік кереуетке арналған.
Оқу жылы басталғалы 563 оқушыда инфекция анықталды. Оның 358-і – жыл басталғалы наусқастанғандар. Басқарманың мәліметінше, балалардың бәрінде де ауруды отбасы мүшелерінен жұқтырғаны анықталған.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Жергілікті атқарушы органдар мен «КПО б.в.» компаниясы арасындағы өзара іс-қимыл пысықталды
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс

Кіру
Пікір үстеу