8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Қаңтар 2021 4399 0
Өзек

ӨМІРДЕН ӨТТІ ЖАЙСАҢ ЖАН!

Бүгін, 23 қаңтар күні Қазақстан Республикасының Құрметті құрылысшысы, «Құрмет»ордені, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Ақ Жайық өлкесіне танымал тұлға Асқар ҚАБАНОВ дүниеден озды. Аяулы азамат Асқар Дыбысқалиұлы «Жайық үні» газетінің тұрақты оқырманы болатын. «Оралдағы ұлттық газет» деп, жанашырлықпен қолдау көрсететін. Мінезі ашық, пейілі кең, жаны жомарт, адамгершілігі мол ағамыздың өмірден өтуі – Батыс Қазақстан облысының құрылыс саласын ғана емес, жалпы ұлт руханиятының да қабырғасына аяздай батуда.


Асқар Қабанов Ақжайық ауданы Жаңабұлақ ауылының тумасы.

90 жылдардағы қиын кезеңдерде темір бетон зауытын сақтап қалып, «Батыс Құрылыс материалдары комбинаты» ЖШС ретінде жұмысын жандандырды. Комбинатты темір бетон өнімдерін шығаратын кәсіпорындармен бәсекелесе алатындай деңгейге көтерді. «Орал-Атырау» тас жолының бойынан қонақ үй, мейрамхана және барлық инфрақұрылымы қамтылған кемпинг салды. Ауыл шаруашылығы саласын дамытуға, тұрғындарды жұмыспен қамтуға елеулі үлес қосты. Сондай-ақ Асқар ағамыз туған жерін көркейтуде, қайырымдылық шараларына үн қосуда «Жомарт жүректі» азамат ретінде жерлестерінің есінде қалды.

Әркез жасаған еңбегі еленіп, 2015 жылы «Ақжайық ауданының құрметті азаматы», 2018 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін «Құрмет» орденімен марапатталды.

Марқұмның отбасы мен ағайын-тумаларына қалалық «Жайық үні» газетінің редакция ұжымы қайғырып көңіл айтады.

Қош болыңыз, асқар таудай Асқар аға! Жаныңыз жұмақта болғай!

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
53 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
102 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
58 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
286 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»