8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Қаңтар 2021 1725 0
Дені сау ұлт

БҚО-ДА 180 МЫҢНАН АСТАМ АДАМҒА ЕКПЕ САЛЫНАДЫ

1 ақпаннан бастап коронавирусқа қарсы вакцинациялау басталады. БҚО бойынша 180 мыңнан астам тұрғынға салынады деп жоспарланған. Бүгін, 22 қаңтар күні өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев өңірдегі эпидемиологиялық жағдай туралы айтып, сондай-ақ журналистер тарапынан коронавирусқа қарсы вакцинациялау бойынша қойылған сауалдарға жауап берді.  

Бірінші кезекте инфекциялық стационарларда, жедел жәрдем қызметінде жұмыс атқаратын медицина мамандары, эпидемиологтар, одан кейін мұғалімдер, ішкі істер министрлігінің медицина қызметкерлеріне салынады.

– Вакцинациялау кезінде Ресей Федерациясында өндірілген «Спутник V» вакцинасы қолданылады. Сонымен қатар қазіргі уақытта отандық «KazCovid-IN» вакцинасы зерттеуден өтуде. Бірінші, екінші кезеңдерінен сәтті өтті, қазір үшінші кезеңінен өткізілуде. Нәтиже сәтті болса, ол вакцина да қолданылады, – деді Нұрлыбек Ермекұлы.

Сондай-ақ спикер ҚР-ның «Халық денсаулығы және  денсаулық сақтау жүйесі» Кодексіне сай екпе алу ерікті екенін, мәжбүрлеу болмайтынын атап өтті. Әр вакцина алушы медицина қызметкерінен вакцина туралы және алғаннан кейін қандай әсері болатынын сұрап біле алады. Сондай-ақ вакцина алудан бас тартуына да болады. Вакцинациялау алдында ағарту жұмыстары жүргізіледі.

– Вакцина екі кезеңде салынады. Бірінші екпеден иммунитет жартылай қалыптасады. Қайта вакцинациялау алғашқы екпеден кейінгі 21-інші күні салынады. Екі екпеден иммунитет толық қалыптасады, – деді Нұрлыбек Мұстаев.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
74 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
366 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
386 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
363 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
404 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»