8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Қаңтар 2021 1628 0
Өзек

ҮШІНШІ ОҚУ ТОҚСАНЫ БАСТАЛҒАЛЫ БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ 48 ОҚУШЫ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН

Өңірлік коммуникациялар қызметі  ұйымдастырған брифингте БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев өңірдегі эпидемиологиялық жағдай туралы айтып берді. 

БҚО-да 1 қаңтардан бастап коронавирустық инфекцияның зертханалық расталған 925 жағдайы тіркелді.  Кәсіби құрам бойынша ауырғандардың ішінде жұмыс істейтіндер көп. Сондай-ақ зейнеткерлер, жұмыс істемейтіндер, студенттер мен оқушылар бар.

– Оқу жылының басынан оқушылар арасында covid-19 зертханалық расталған 263 жағдай тіркелді, оның ішінде 131– і күндізгі режимде, 132-і қашықтан оқитындар. 3 тоқсанда, яғни 11 қаңтардан бастап оқушылар арасында covid-19-бен 48 жағдай тіркелді. Олардың 16-сы онлайн оқитындар, 33-і күндізгі режимде  білім алушылар. Қала мен аудандардың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің қаулысымен 15 мектептегі 15 сынып карантинге жабылды. Оқушылар мен ұстаздарға үйде оқшаулану ұсынылды, – деді Нұрлыбек Мұстаев.

Айта кетейік, пандемия басталған кезеңнен Батыс Қазақстан облысында covid-19-бен зертханалық расталған 10 146 жағдай тіркелді, бұл көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққанда 1544,6-ны құрады. 183 өлім жағдайы тіркелді.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
74 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
366 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
386 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
363 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
404 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»