БҚО-ДА БАЛЫҚ АУЛАУ ЕРЕЖЕСІН БҰЗҒАНДАРДАН 4 МЛН. ТЕҢГЕ ӨНДІРІЛДІ
2020 жылы БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы инспекторлары балық ресурстарын қорғау саласы бойынша 208 рейд өткізіп, 305 құқық бұзушылықты тіркеді.

Сот органдарына 13 әкімшілік іс жолданды. Сот арқылы 13 құқық бұзушыға – 504 326 теңге айыппұл салынды. Бүгінгі таңда 7 құқық бұзушыдан – 269 466 теңге өндірілді. Қорықшылар 62 құқық бұзушулықты анықтады.
Есепті жылда балық аулау ережелерін бұзушыларға 4 700 056 теңге айыппұл салынды. Бүгінгі таңда 257 құқық бұзушыдан 4 027 066 теңге айыппұл мемлекет кірісіне өндірілді. Бұл салынған айыппұлдардын өндірілу пайызы- 88 пайызын құрады.
– БҚО ПД-нің табиғатты қорғау полициясымен бірлескен рейдтік іс-шаралар кезінде Ақжайық ауданы Шабдаржап ауылы тұсында Жайық өзенінде сүзбе аулармен заңсыз балық аулап жүрген құқық бұзушылар ұстады. Олардан 6 қайық, 6 сүзбе ау, 12 қап ауланған балық алынды. Фото-бейне фиксация, балық, қайық, аулау құралдары БҚО ПД-не тапсырылды. Осы материалдарға қатысты ҚР ҚК-нің 335-бабымен екі қылмыстық іс қозғалып, бүгінгі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деді БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Қайрат Темірғалиұлы.
Жазғы айларда су тарту құрылыстарындағы 32 балық қорғау құрылғыларының жұмысы тексерілді. Бұзушылықтар анықталған жоқ. Жыл басынын құқық бұзушылардан 49 аулау құралдары алынды. Иесіз алынған аулау құралдарының саны 932. Оның 593 иесіз құрма ау, 338 шаян аулағыш болса, біреуі жүзу құралы.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу