БҚО-ДА АҚ ХАЛАТТЫЛАР ЖЕТІСПЕЙДІ
Жергілікті билік уәдені үйіп төгіп, жағдай жасауға тырысуда. Бірақ дәрігерлер бәрібір ауылға баратын емес. Ал ем-дом іздеген оралдықтар болса Ресей асып жүр. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі келтірген дерекке қарағанда биыл 4 мың оралдық көрші елге барып қайтыпты.

Оралда білікті дәрігердің аздығынан тиісті деңгейде ем-дом ала алмай жүргендер көбейді. Солардың бірі – Нәсіп Байғалиев. Ол – қате қойылған диагноз кесірінен мүгедек болып қалған. Денсаулығын Ресейге барып зорға түзепті. Рентген түсірілімін ажырата алмаған оралдық дәрігерлерге Нәсіп Байғалиевтың өкпесі қара қазандай.
– Аяғым сынған, оны маған «сіңірің созылған» деді. Айналып келгенде асық жілігім сынған екен. Сегіз жыл жүрдім. Аяғымды емдету үшін бармаған жерім жоқ. Алматыда болдым, Ақтөбеде болдым, Қызылордада алтын инеде болдым. Саратовқа бардым: «6 ай жатасың, 6 айдың ішінде жасап берем» деді. Жасап берді де: «Иди гуляй!» деді,– дейді Нәсіп Байғалиев.
Дәрігер тапшылығы өңірдің бас ауруына айналғанын басқармадағылар мойындайды. Бос орын емдеу мекемелерінің барлығында бар. «Баспана береміз» дегеннің өзінде мамандар ауылға баратын емес. Дәрігерлер аудандарда ғана емес облыс орталығында да жетпейді. БҚО денсаулық сақтау басқармасы қызметкерлерді басқару қызметінің басшысы Марат Хайруллиннің айтуынша, білікті мамандар жеке клиникаларға ауысып кеткен.
– Бүгінгі таңда облыс бойынша 245 дәрігер маман жетіспейді. Оның ішінде 84-і жалпы тәжірибе дәрігері, анестезиолог-ревматолог, акушер-гинекологтар тапшы,– деді Марат Хайруллин.
Ақ халаттылардың аздығынан оралдықтар ем-дом іздеп, Ресей асып жүр. Шекарашылар келтірген дерекке қарағанда 2020 жылы көрші елге 4 мың адам барып қайтыпты. Дені – бір балаға зар болғандар. Асқазаны ауырып жүйкесі жұқарғандар да, онкологиялық дертке шалдығып аллергиясы асқынғандар да Ресейге барып жүр екен. №5 қалалық емхананың директоры Тимур Әжіғалиевтің берген мәліметіне сүйнер болсақ бұл мәселе жуық арада шешімін таппайтындай.
– Халық «жыл сайын оқу бітіретін жүздеген түлек қайда кетеді» деп жиі сұрап жатады. Жастар жұмысқа шықса да, тұрмыс құрып, жүктілігіне байланысты 3 жылға декреттік демалысқа кетеді. Осындай жағдай жыл сайын қайталанып, маман тапшылығы әлі шешілмей келеді,– деді №5 қалалық емхананың директоры Тимур Әжіғалиев.
Өткен жылы өңірге 119 жас маман келген. Ал биыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы болашақ дәрігерлерді жергілікті бюджет есебінен көбірек оқытуға күш салмақ. Сонымен қатар оларға арнап, үй мен жатақхана салуды да жоспарлапты. Бірақ бұл жоспардың қаншалықты өміршең болары әзірге беймәлім.
Айнара ИСА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу