8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Қаңтар 2021 1947 0
Қалалықтар қаперіне

СЫНШЫЛАР ЖҮЛДЕСІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін «Халықаралық театр сыншылар бірлестігі» өткен жылды қорытындылап, қазақстандық театрлар атқарған жұмысты саралады.


​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Пандемияға байланысты ZOOM платформасында өткен онлайн шараға теарт сыншылары, еліміздегі театрлардың басшылары, көркемдік жетекшілері қатысты.
Театрларға сараптаманы отандық сыншылар жүргізді. Олардың қатарында Анар Еркебай, Сания Қабдиева, Бақыт Нұрпейіс, Амангелді Мұқан, Меруерт Жақсылықова, Зухра Исламбаева, жас театртанушылар Назерке Құмарғалиева, Моншақ Бекайдарова, Ұлжан Құрманбай, Жансая Тұрмағанбет бар.
Театр сыншысы, бірлестіктің Қазақстандағы жетекшісі Анар Еркебай ​ еліміздегі мемлекеттік және тәуелсіз театрлар арасында карантин уақытындағы театрлардың аяқ алысы туралы айтып берді. Оның айтуынша, биыл мониторингке 60 театрдан 40 театр қатысып, сауалнамаға жауап берген.
Сыншылар шығарған көрсеткіш бойынша 2020 жылғы онлайн форматтағы жұмыстың нәтижесінде Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театры үздік ондыққа кірді.
Мұнымен қоса театр өнері саласындағы арнайы үздіктерге «Сыншылар жүлдесі – 2020» марапаты берілді. «Жылдың жаңа есімі» номинациясымен Хадиша театрының бас режиссері Гауһар Адай, ал театр актеры Ербол Есендосов «Мен» қойылымындағы Мен рөлі үшін «Үздік актер» номинациясында сыншылар жүлдесімен марапатталды.

​Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының ақпарат бөлімі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
66 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
361 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
381 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
358 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
399 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»