8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Қараша 2020 813 0
Өзек

БҚО-ДА ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 33 АДАМНАН КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯ АНЫҚТАЛДЫ

Батыс Қазақстан облысы бойынша коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі  ұйымдастырған брифнгте  БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев айтып берді. 

Облыс бойынша COVID-19 7805 жағдайы тіркелген, оның ішінде симптомдармен – 3831, симптомсыз – 3974 жағдай, сырқаттанушылықтың жалпы көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 1182,7 құрады. Індеттен 7037 адам сауығып, өкінішке орай 130 адам қайтыс болды.

1-23 қараша аралығында коронавирустық инфекциямен барлығы 781 жағдай тіркелген, оның ішінде 349 жағдайда ауру белгілері бар болса, 432 жағдайда –ауру белгілері жоқ.

Орал қаласы бойынша барлығы 527 жағдай анықталды, бұл барлық аурулардың 67,4 пайызын құрады. Бәйтерек ауданында – 103, Бөрлі ауданында – 52, Теректі ауданында – 21, Шыңғырлау ауданында – 29, Жәнібек және Казталов аудандарында – 12 жағдайдан, Жаңақала ауданында – 7, Сырым ауданында – 6, Қаратөбе ауданында – 3 жағдай, Тасқала және Ақжайық аудандарында – 4 жағдайдан, Бөкей ордасы ауданында бір жағдай тіркелді.

Маманның айтуынша, аталған жағдайлар жақын қарым-қатынаста болған адамдарды тексеру кезінде 330 адамда (42,3%), ЖРВИ белгілері бойынша тексерілген 224 адамда (28,9%), стационарларға емдеуге жатқызу алдында эпидемиологиялық қадағалау мақсатында сынама алынған 120 адамда (18,4%) және профилактикалық мақсатта тексерілген 74 адамда (10,3%) анықталды.

БҚО өткен тәулік ішінде коронавирустық инфекциямен 33 жағдай тіркелді, оның ішінде 17 жағдайда ауру белгілері бар болса, 16 жағдайда ауру симптомсыз. ЖРВИ белгілерімен тексерілгендер арасында – 13 жағдай, қарым-қатынаста болғандар арасында – 10 жағ., профилактикалық мақсатта тексерілгендер арасында – 6 жағдай, эпидемиологиялық қадағалау мақсатында тексерілгендер арасында – 4 жағдай тіркелді.

1 қарашадан 23 қарашаға дейінгі аралықта облысымызда мемлекеттік шекарадан барлығы 18683 адам өтті, оның ішінде 3465-і – жолаушы, COVID-19 анықтамасынсыз – 347 жолаушы өткен.  Анықтамасыз жолаушылар 3 тәулікке карантиндік стационарға орналастырылып, ПТР  әдісімен COVID-19 тест алынды, оның 7-еуінде тест қорытындысы оң нәтиже көрсетті. БҚО арқылы өткен 2 жақты қатынаста халықаралық жүк тасымалдарын жүзеге асыратын жүргізушілер саны – 6482, оның ішінде 4057 жүргізушінің анықтамалары бар. Ал 2425 жүргізушіде анықтама жоқ болуы себепті олардан ПТР әдісімен COVID-19 тест алынып, қорытындысында тест  22 адамда оң нәтиже көрсеткен.

Үстіміздегі жылдың қараша айы басталғалы облыс бойынша барлығы 34684 адам зертханалық тексеруден өтті, ал індет басталғалы – 196307 адамнан сынама алынған. Бүгінгі күні облыс ПТР диагностикасы үшін 60178 зерттеуге арналған 1203 тест-жүйесімен қамтамасыз етілген.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
62 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
137 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
364 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
848 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1226 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1134 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1585 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2200 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2365 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2373 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2424 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2428 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2049 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2908 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2962 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2956 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3569 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3537 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3528 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3503 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3663 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»