8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Қараша 2020 1187 0
Қоғам

БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДА ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІН ОНЛАЙН РӘСІМДЕГЕНДЕР КӨП

Бүгін өңірлік комуникациялар қызметі алаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облысы облысы бойынша филиалының 10 айда атқарған жұмыстары мен мемлекеттік қызметтерді оңтайландырудағы жаңашылдықтары туралы өткен брифингте  фронт-офистерді үйлестіру  басқармасының басшысы Гүлнұр Ахметова Көлік құралдарын онлайн форматта тіркеу және жүргізуші куәліктерін электронды порталда онлайн алмастыру қызметінің саны өзге аймақтармен салыстырғанда өңірдегі филиалда көрсеткіш жоғары болғанын атап өтті.

Жыл басынан бері, яғни 10 айдың ішінде бұл қзымет бойынша 20 000-ға жуық онлайн қызмет көрсетілген. 10 000-ға жуық адамға жүргізуші куәлігі берілген. Ал 7000-ға жуық азамат көлік құралдарын қайта тіркеу қызметіне жүгінген. Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің көшірмесі 500-ге жуық  адамға берілді.

Сонымен қоса, қазақстандықтардың жоғары сұранысқа ие мемлекеттік нөмірлеріне деген сұранысы азаюда.

– 2020 жылы АЕК мөлшерінің өсуіне байланысты жоғары сұранысқа ие мемлекеттік нөмірлердің бағасы өзгерді. Енді мемлекеттік нөмер мен көліктерді онлайн тіркейтін жаңа қызмет түрі іске қосылды. Еgov.kz порталы арқылы тіркеу жасаған тұлғаға құжаты үйіне жеткізіледі. Порталға қажетті деректерін енгізген азамат 1 сағаттың ішінде кез-келген жерде отырып-ақ көлік сатып, не жаңа тұлпарын тіркеуге қоя алады. Қызмет ақылы – 2240 теңге, – дейді Гүлнұр Бекбауқызы.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
70 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
364 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
384 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
361 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
402 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»