ОРАЛДАҒЫ АСФАЛЬТ-БЕТОН ЗАУЫТТАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ
Орал қаласында кейінгі жылдары жол құрылысы қарқын алды. Жол төсеміне жергілікті зауыттарда шығарылған асфальт қолданылады. Бүгінде облыс аумағында 12 асфальт-бетон зауыты жұмыс жасайды. Карантиндік шараларға қарамастан, облыста құрылыс саласында атқарылған жұмыстарда кідіріс болған емес.

Өңірдегі ірі асфальт-бетонды зауыттардың бірі – «Адал арна» ЖШС-ның зауыты. Германиялық өндірушілердің технологиясымен салынған зауыт 2017 жылы іске қосылған еді. Benninghoven маркілі қондырғы толықтай автоматтандырылған. Басқару пультінде төрт оператор ауысыммен жұмыс жасайды. Мұнда сағатына 220-250 тонна көлемінде асфальт-бетон өндіріледі. Яғни жылына 220 мың тоннадан астам қоспаны шығаруға мүмкіндік бар.
– Негізгі шикізат – отандық өнімдер. Көктас – Ақтөбеден, битум – Ақтаудан жеткізіледі. Тек асфальттың сапасын жақсарту мақсатында қолданылатын қоспаларды Ресейден алдыртамыз. Қазір зауытта 15 жұмысшы бар, – деді компания директорының орынбасары Бисенғали Мағзымов.
Сырттан келген инертті материалдар мен шығарылған асфальттардың сапасы зауыт аумағында орналасқан лабораторияда күнделікті тексеріледі. Лаборатория инженері Қалует Ізбасарованың айтуынша, сынаманы зерделеу кезінде дайын өнімнің сипаттамаға сай келмеуі анықталса, қоспаларының жиынтығы қайта қаралады. Бірақ, осы кезге дейін ондай жағдай болмаған.
Асфальттың өндірілуін қадағалаушы маман Дмитрий Филимонов түсіндіріп өткендей, мұндағы өндірістің бәрі де компьютермен басқарылады. Оператор монитор мен датчикті бақылауда ұстап, материалдардың берілуін, ауа температурасының қалыпты болуын реттеп отырады.
– Материал мөлшерлегіш шанаққа салынып, конвейерлік таспа арқылы қыздыру барабанына түседі. Одан конвейер арқылы жоғарыға көтеріліп, әрқайсысы өз шанағына бөлінеді. Осы жерде рецепт бойынша минералды ұнтақ, битум сынды қажетті қоспалары қосылады. Барлығы жоғары температурадағы шанапта араластырылып, біркелкі массаға айналады. Бір салғанда 2,5 тонна көлемінде қоспа араластырылады. 7-8 минут ішінде дайын өнімді аламыз. Ыстық күйдегі асфальт бірден нысанға жеткізіліп, қасиеттері жоғалмастан пайдаланылады, – деп Дмитрий Филимонов асфальттың дайындалуы бойынша техникалық үдерісті түсіндіріп өтті.

Дәл осындай ірі зауыттың тағы бірі – «Приоритет» жол-құрылыс компаниясының зауыты. Өңіріміздегі жол құрылысы саласында аты әуелден-ақ таныс кәсіпорын бұған дейін украиналық DS-117 құрылымы арқылы асфальт шығарған еді. Ал өткен жылы «Лудэ-Каз» Қазақстан-Қытай бірлескен жобасы аясында италиялық «Rodi» технологиясымен RD105Х модельді қондырғысы орнатылды. Зауытта сағатына 105 тонна асфальт дайындалады. Кәсіпорын директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Ерлан Кенжиннің сөзінше, жаңа зауыт өнім көлемін арттыруға мүмкіндік берген. Асфальттың барлық түрі өндіріледі әрі экологиялық таза саналады. Яғни, орнатылған фильтр шаңды толықтай сорып алады. Мұнда да қолданылатын қиыршықтас, минералды ұнтақ – Ақтөбеден, битум – Ақтаудан болса, бүгінде жол құрылысында қолданылып жүрген қиыршықтасты-мастикалық асфальт (ЩМА) үшін қолданылатын қоспа Ресейден келеді.
– Асфальт өзіміз жол құрылысын жүргізіп жатқан нысандарға ғана жеткізіледі. Қазіргі уақытта Зачаганск кентіндегі төрт көшеде, «Жұлдыз» шағынауданындағы 2,8 шақырымдық Жазира көшесінде және Бәйтерек ауданының Даринск ауылында жалпы ұзындығы 3,5 шақырым болатын бірнеше көшеде күрделі жөндеу жүргізудеміз. Осы нысандар бойынша қажеттілікке қарай күніне 100-110 тонна асфальт шығарылады. Лабораториямыз бар, – деді Ерлан Асқарұлы.
Өткен жылдың мамырында іске қосылған зауыт жол құрылысы маусымы тәмамдалғанша 55 мың тонна көлемінде асфальт шығарған. Биыл да сол межеде болады деп күтілуде.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Аслан Даубаевтың мәліметінше, қазіргі уақытта шаһарда 41 жоба бойынша 55 көше жөнделуде. Олардың бәріне де жергілікті өндірушілер дайындаған заманауи және сапасы жоғары саналатын асфальт-бетон қолданылып келеді.
Эльмира НҰҒМАНОВА

Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу