8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Қазан 2018 3479 0
Қалалықтар қаперіне

МҰҒАЛІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

Бүгін, 5 қазан күні Батыс Қазақстан облысында мұғалімдерге арналған BILIMLAB цифрлық ресурстар орталығы ашылды. Жаңа орталық Орал қаласындағы №19 орта мектепте орналасқан. Мұғалімдердің төл мерекесі қарсаңында ашылған орталықты Bilim Media Group компаниясы сыйға тартты.

Орталықтың таныстырылымына қатысқан облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов бүгінгі жарияланған мемлекет басшысының Жолдауында мұғалімдер мәртебесін көтеруге, білім сапасын арттыруға ерекше мән берілгенін айтты.

– Бүгін мемлекет басшысы Н.Назарбаев халыққа арнаған Жолдауын жариялады. Жолдаудың негізгі бағыты – адам капиталын дамыту. Әр жыл сайын Елбасы осы мәселені басты назарға алып келеді. Сондай-ақ осы жолы Нұрсұлтан Әбішұлы мұғалімдерді қолдауға айырқша мән беріп, заң қабылданатынын айтты. Тәжірибеде мұғалімдерге өздеріне қатысы жоқ түрлі функцияларды жүктеп қойғанымыз жасырын емес. Осы кезге дейін сенбіліктер, қоғамдық шаралар, концерттер, саяси жиындарға мұғалімдерді тарттық. Мұның бәрін реттейтін уақыт жетті. Біз Жаңа Қазақстанды құрудамыз. Қабылданатын заңда, Елбасымыз айтқандай, мұғалімдер құқын қорғауға қатысты мәселелер қаралады. «Білім сапасын арттыруда жұмыстанып жүрген мұғалімдерге көңіл аударуымыз қажет. Мұғалімнің қолдаушысы, қорғаушысы болуымыз керек». Елбасы үлкен мінберден осыны айтты.  Екінші мәселе – білім саласын дамытуда Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесін тарату. Назарбаев зияткерлік мектептері 10 жылдан астам дүние жүзінің ең озық тәжірибелерін жинап, пробациядан өткізіп, Қазақстан мектептеріне адаптация жасады. Мұғалімдердің біліктілігін арттырудағы орталықтың ашылуы – сол жинақталған тәжірибенің практикалық жүзеге асуының көрінісі. Бұған қолдау көрсеткен Bilim Media Group компаниясына рахмет айтамыз. Bilim Media Group компаниясы дайындаған өнімдерде 40 мыңнан астам бейнесабақтар, 250 мыңнан аса білім беруді жаңарту технологиялары бар.  Бұлардың – білім сапасын көтеруде тиімділігі зор,  – деді Ғабидолла Абдоллаұлы.

Bilim Media Group компаниясы 2011 жылы құрылған білім беруді дамытушы инновациялық компания. Компания өз дайын ресурстарын нарыққа 2014 жылдан бастап ұсына бастады. Бүгінде компанияның Bilim Land, iTest, Twig, iMektep сынды онлайн білім беру платформалары бар. Бұл төрт ресурс мұғалімдерге арналған көмекші құрал. 2017 жылдан бастап республиканың барлық мемлекеттік мектептері осы жүйеге қосылды. Сондай-ақ компания интернеті әлсіз немесе мүлде интернет жоқ ауылдарға көңіл бөліп, ауыл мен қала мектептері арасындағы білім сапасын теңестіру мақсатында Bilim book компьютер-трансформерлерін ұсынуда. BilimBook – барлық жастағы оқушыларға арналған, мектеп бағдарламасына сай ресурстардан тұратын әмбебап құрылғы. Ол еліміздегі ең шалғай елдімекендерді мазмұны жаңарған оқыту материалдарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Құрылғының мазмұны Bilim Land, iTest, Twig, iMektep ресурстарын қамтыған. Биылғы жылы облысымызға құрылғының 612 дана жиынтығы алынып, 230 шағын жинақты мектептеріне жеткізілген.

– Бүгінгі заманда жаңа технологиялардың қарыштап дамуына байланысты білім беруге, білім беру жүйесін жаңғыртуға көп мән берілуде. Осы орайда Bilim Media Group компаниясы мұғалімдермен жұмысты қолға алып, әдістемелік қолдау көрсетуде жұмыстанып келеді. Ақпараттық коммуникациялық технологияларды, Bilimland ресурстарын білім беру барысында қолдану, сабаққа кіріктіруді мұғалімдерге үйрету үшін ресурстық орталықтар ашуды бастадық. Бұған дейін, 2015 жылы – Астана қаласында, 2016 жылы – Алматыда, 2017 жылы – Шымкентте ресурстық орталық ашылған еді. Сол тізімге биыл Батыс Қазақстан облысы қосылды. Орталықтардың мақсаты – мұғалімдердің АКТ және Bilim Land ресурстарын сабақта тиімді пайдалануды үйрету, – дейді Bilim Media Group компаниясы клиенттермен жұмыс істеу департаментінің жетекшісі Гауһар Шүленбаева.

Кабинет толығымен компания есебінен техниканың соңғы үлгілерімен жабдықталған. 16 дербес компьютер, интерактивті тақта және сабаққа қажетті визуалды материалдар бар. Алдағы уақытта облыстың барлық мектептері үшін кесте белгіленіп, мұғалімдер аталмыш орталықта ақпараттық коммуникациялық технологияларды сабақта қолдану бойынша біліктіліктерін арттырады.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
224 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
234 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
518 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
989 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1367 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1229 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1725 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2344 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2507 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2513 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2566 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2570 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2143 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
3048 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
3103 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
3095 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3714 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3677 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3668 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3643 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3803 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»