ҚҰРМЕТТІ ТАЛАПКЕР!
Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына 2018/2019 оқу жылына талапкерлерді іріктеу жұмысы басталғанын жариялайды.

Оқуға жалпы орта, орта-техникалық немесе арнайы кәсіптік білімі бар, ішкі істер органдары қызметкерлеріне қойылатын талаптарға сай келетін, денсаулығы бойынша әскери қызметке және оқуға жарамды жастарды шақырамыз. Жасөспірімдердің бойы – 170 см.-ден, қыздардың бойы – 160 см.-ден төмен болмауы тиіс.
Қазақстан Республикасы ІІМ-нің оқу орындарына 4 жылдық оқу мерзімі бойынша Алматы, Қарағанды, Қостанай академиялары және Актөбе заң институты жатады.
Бітірушілер мына арнайы мамандықтар бойынша «Құқық қорғау қызметі» мамандығын алып шығады:
Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды академиясы:
- ІІО сотқа дейінгі тергеу
- ІІО жедел-криминалистикалық қызметі
Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясы:
- ІІО жедел-іздестіру қызметі
- ақпараттық жүйе
- радиотехника, электроника және телекоммуникация
Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай академиясы:
- ІІО әкімшілік-құқықтану қызметі
Қазақстан Республикасы ІІМ Ақтөбе заң иституты:
- ІІО әкімшілік-құқықтану қызметі
- ІІО әкімшілік-құқықтану қызметі (2 жылдық жоғары білімі заңгерлік болып табылмайтын тұлғаларға арналған).
Оқуға түсу үшін таңдаулы пәндер: «Дүниежүзі тарихы», «Адам. Қоғам. Құқық». Техникалық факультетке түсу үшін «Физика», «Математика» пәндері. ІІМ ЖОО түсуге конкурсқа қатысу үшін ҰБТ немесе КТА-дан 50 балдан кем жинамау керек, соның ішінде әр пән бойынша 5 балдан кем болмауы тиіс (профильді пәндерді қосқанда).
Сонымен қатар, 2 жылдық оқу мерзімі бойынша Қазақстан Республикасы ІІМ Ақтөбе заң институтына жоғары заңгерлік емес мамандығы бар 35 жасқа толмаған тұлғаларды оқуға қабылдаймыз.
Курсанттардың оқуы, тамақтануы, киім-кешегі және демалыс мезгіліндегі жол ақысы мемлекет атынан толық қамтылады (ақысыз). Оқуды аяқтағаннан кейін бітіруші курсанттар міндетті түрде қызметке алынады және оларға «полиция лейтенанты» атағы беріледі.
Құжаттарды қабылдау 2019 жылдың 1 қаңтарынан басталады.
Алғаш рет келушілер өздерімен бірге:
– өзінің жеке куәлігі мен туу туралы куәлігінің тұпнұсқасын және нотариалды расталған көшірмелерін;
– отбасы мүшелерінің әрқайсысына: жеке куәлік және туу туралы куәліктерінің көшірмелерін міндетті түрде алып келулері талап етіледі.
Анықтама алу үшін мына мекенжайға хабарласыңыз:
БҚО Орал қаласы, Пугачев көшесі, 45-үй, 435 – кабинет, тел: 98-41-99.
Интернет-ресурсы: http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/zko/ZKO
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу