Мәжит ШОМБАЛОВ – халық жанашыры, дәрігер-эпидемиолог
Байырғы замандардан бері қазақтан шыққан небір білімді азаматтар халықтың жағдайын, сауаттылығын көтеру үшін, денсаулықтарын жақсарту үшін жан аямай қызмет еткені белгілі. Сол еңбектері әр заманда әр түрлі қабылданып келді, әсіресе, ХХ ғасырдың 20-сыншы, 40-ыншы жылдарында оларға үлкен сын айтылды, еңбектері бағаланбады, тіпті керек десеңіз, «Халық жауы», «Космополит», «Ұлтшыл» тағы да басқа қисынсыз айыптаулар тағылды, түрмелерге қамалды, ату жазасына да кесілді.

«Алашорда» үкіметінің басында тұрған Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Халел, Жаһанша Досмұхамедовтер, Сейітқали Меңдешов сынды көптеген тұлғалар ел арасындағы «сауатсыздықты» тоқтату үшін еңбек етті. Ресей патшасының теріс олқылықтарын бетіне айтты, тура сөйлеуден тайсалмады. Советтік үкіметтің қазақ жеріне орнығуы кезінде де елеулі қызмет атқарды. Бірақ, бір өкініштісі сол, Алаштың ұлы қайраткерлерінің еңбегі дұрыс бағаланбады, теріс баға беріліп, айыпталды. Кейін ғана, еліміз тәуелсіздік алғаннан соң, негізсіз айыпталған тұлғалардың есімі ақталып шықты. Енді ғана Алаш алпауыттарының еліне сіңірген еңбегі бағаланып, зерттеліп, насихатталып келеді.
Осы тұлғалардың қатарында Қазақстандағы денсаулық сақтау ісінің негізін қалаушылардың бірі, қоғам қайраткері, Қазақстандағы жоғары білімді алғашқы дәрігерлердің бірі, дәрігер-эпидимиолог Мәжит Шомбалов бар.
Мәжит Мұхамеджанұлы Шомбалов (Чумбалов) 1873 жылы 20 сәуірде Ішкі Орданың Талов бөлімінде (қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Бөкейорда ауданы) I ауылында бай малшының отбасында дүниеге келген.
Қызметтік жолын өзі туған жеріндегі емханадан бастаған Мәжит Шомбалов өмірінің 40 жылдан астам уақытын денсаулық сақтау ісіне, партия қызметіне арнаған, халықтың болашағы үшін барын салған.
Мәжит Шомбалов өзінің автобиографиясында: «Мен университетті бітіріп, кейін Ордада учаскелік дәрігер болып тағайындалдым. Бірінші кезекте мен қазақ халқы тұрғындарының еуропалық медициналық гигиеналық ережелерімен жете таныстым. Жергілікті халық ауруханалардан қорқып, акушерлік көмек туралы мүлде түсінік болған жоқ. Тек қана емшілер мен молдаларға сенімдері берік болды. Ордадағы Губерниялық денсаулық сақтау ұйымы басшысы қызметінде жүрген кезде медицина жүйесі мен медициналық персоналды күшейтуге, көбейтуге күш салдым, революцияға дейін өңірде 2 медицина қызметкері болса, 18-інші жылдың басына қарай олардың саны 6-ға жетті. Сонымен қатар, әрбір медициналық пункт дәрігерлермен толықты. Халықтық денсаулық сақтау комиссариатының орынбасары болған кезімде, Мен, Қазақстандағы балаларға арналған консультациялық мекемелердің, балабақшалардың, балалар ойын алаңдарының қалыптасуының негізін салушысы болдым. Жыл сайын жоқ дегенде 20- 30 баланы Қызыл Крест пионер лагерлеріне жіберіп отырдым. Менің халыққа медициналық дәрі-дәрмектерді жеткізудегі жұмысымда: 1929 жылы маған дейін қызмет атқарған басшы кезінде 18 дәріхана болса, мен Оралға ауысқанға дейін яғни, 1934 жылға дейін 200 дәріханалық пунктке жетті. Мен 1905 жылдан бастап обаның барлық дерлік өршіген нүктелерінде болдым. Осылайша, менің денсаулық сақтау саласында жүргеніме 36 жыл болды. 38 жылы тергеуде болдым, 38- інші жылдың 24 тамызынан 39- ыншы жылдың 28 шілдесіне дейінгі аралықта түрмеде болдым. Бірақ, ақталып шықтым және партияға қайта оралдым. ВКП(б) партиясының мүшесі- М.М. Чумбалов. 19.ХІ.1939″ – деп жазады…
Айдана ДҮЗБАСОВА, М.Өтемісов атындағы БҚМУ магистранты
Толығырақ «Жайық үні» газетінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №20 санынан оқи аласыздар.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу