8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Мамыр 2020 1296 0
Қоғам

«БҰЛ ҮЙДЕ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ ТҰРАДЫ»

Дәл осындай атаумен Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай өткен акция аясында батысқазақстандық ұстаздар ардагерлерді Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады. 

Педагогтар қауымы жылдағы дәстүрмен биыл да ардагерлердің үйлеріне арнайы барып, мерекемен құттықтады. Отан үшін от кешкен, Жеңіс сыйлаған майдангерлерге рахмет айтып, гүл шоқтары мен мерекеге арналған сыйларын табыс етті. Ардагерлердің хал-жағдайларын біліп, өскелең ұрпаққа үлгі болар өмір жолдары, өнегелі әңгімелерін тыңдады.

– Сұрапыл соғыс жылдарында еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін барлығы майдан үшін, барлығы Жеңіс үшін деп еңбек етті. Сол жылдары елге адал қызмет етудің үлгісін көрсеткен аталарымыз бен әжелеріміздің ерлігі қашан да ел есінде. Аға буынның ардақты ісін кейінгі ұрпақ лайықты табыстармен жалғастырады деген нық сенім бар. Осы тұрғыда Жеңістің қадір-қасиеті күннен-күнге артып, мазмұны тереңдей түспек. Еліміздің ұйытқысы әрі жас ұрпақтың ақылшысы болып отырған ардагерлердің ерлігін құрметтеу – баршамыздың ортақ міндетіміз, – дейді БҚО Білім басқармасының өкілі Үміт Жәңгірова.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Тағылым
Ғұмар мұрасы – мұражай төрінде
16 Наурыз 2026
26 0
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
81 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
74 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
75 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
71 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»