8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Мамыр 2020 1468 0
Қоғам

БАЙЛАНЫСШЫ МАРДАН

Ұлы Отан соғысы аяқталып, Жеңістің туы желбірегеніне биыл – 75 жыл! Айтулы мерекеге санаулы күндер ғана қалды. Мамыр айының тоғызы – миллиондаған адам мен көптеген мемлекет үшін қастерлі мереке. Өйткені сол күні халықаралық қауымдастықты қарумен қорқытып, әлемге ажал оғын жаудырған неміс фашистері толығымен талқандалды. От пен оққа оранған сұрапыл соғыс жылдары Жеңісті жақындатуға үлес қосқан майдангердің бірі – Мардан Есмұханбетов.

 

Батыстан соғыс өрті лап ете қалғанда батысқазақстандық Мардан Есмұханбетов 20 жасқа енді қадам басып, ауыл шаруашылығы техникумында оқып жүрген бозбала-тұғын. Кешегі қылшылдаған жас жігіт бүгінде тоқсанның сегізіне келген абыз ақсақал… Ұлы Жеңістің 75 жылдығын күн санап, асыға күтіп жүр. Жеңіс мерекесі қарсаңында Мардан атамызбен аз-кем тілдесудің сәті түсті.

Кейіпкеріміз Орда ауданы, Сайқын ауылының тумасы. 1922 жылы 14 желтоқсанда осы ауылда дүние есігін ашқан. 1941 жылы ел басына күн туған сәтте өзге замандастары секілді қолына қару алып, майданға сұраныпты. Жігерлілігімен көзге түскен жас жігіт радистер даярлайтын курсқа жіберіледі. Курсты тәмамдаған соң Старая Руссо қаласының маңындағы бірнеше күнге созылған ұрысқа қатысады.

Мақаланың толық нұсқасын «Жайық үні» газетінің 30 сәуір күнгі №16 санынан оқи аласыздар.

 

Кәусар БАҒАЛИЕВА,

сурет ардагердің  жеке архивінен алынды

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
70 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
364 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
384 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
361 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
402 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»