Әкенің суретінен тәрбие алған…
Иә, ол әкесін көрген жоқ! Алты айлық шарана анасы Үнзиланың құрсағында жатқанда әкесі Сабаз Арыстанов 1970 жылдың 8 желтоқсанында жүрек ауруынан көз жұмып, оныншы жұлдызында жамбасы қара жерге тиеді. Үш айдан соң шыр етіп жарық дүниенің есігін ашқан сәбидің жанар оты үнемі төрде ілулі тұрған суретке түсетін. Есейе келе үйдегі бауырларының «Бұл біздің әкеміз! Папамыз Ұлы Отан соғысына қатысқан! Жауды жеңген!» деген жағымды сөздері құлағына сіңе береді, сіңе береді… Былдырлаған тілі де «әк, ә…к….ее…еее» деп шығады.

Содан бері асқар таудай әкеге деген сағыныш, әкеге деген махаббат, әкеге деген арман-ой оны адам болуға, белді бекем бууға жетеледі. «Мені әкем өсірді. Айналасы желімделіп сарғайған әкемнің суреті мені тәрбиеледі. Әлі есімде ұйқыға жатар алдында суретке телміре қараймын. Ол да маған қарап тұрғандай болады. Мызғып бара жатып көрпемнің бір бұрышынан сығалап суретке тағы қараймын. Кенет… Әлгі бейнеге жан бітіп екі аяғымен төмен қарай сырғып келе жатқандай болады. Үйдің ішін аралап, аға-апаларымның күндіз үй тірлігінде не істеп, не қойғанын бақылап шыққандай болады. Мамамнан біз жайлы сұрап, сосын төрдегі қабырғаның ішіне кіріп кеткендей болады. Мен әкемнің суретіне жасырынып қараумен жатып, балбыраған ұйқыға кетемін. Бойымдағы қорқыныштың бәрінен тап сол сурет қорғап тұрғандай болады. Таңсәріден қораздың әндеткенінен оянып кетемін. Тағы да әкемнің суреті жүрегіме күш-жігер, мықтылық сыйлап тұрғандай, кеудемді қуаныш сезімі кернейді. Кейде үйдегі көңіл-күйге, жасалып жатқан шаруаларға байланысты ол кісінің жанары одан сайын жылы болып көрінеді. Ал кейде анам күрсінсе, біреуміз ренжісек суреттегі бейне қабағын түйіп шыға келеді. Көзі тірісінде өз қолымен тас соғып, екі бөлмелі үй салып, ортасын пешпен бөліп қойыпты. Төрде әкеміздің ордендері мен медальдары жарқырап ілулі тұратын. Ойымда «бұларды әкеме не үшін берді?», «кім берді?» деген сұрақ тұратын. Жаныма ерекше рух сыйлайтын».
Мұның бәрін айтып отырған Әлия Сабазқызы. 1971 жылы өмірге келген. Отбасындағы ең сүт кенжесі. Әкесіз өскен бүлдіршін қыз қазір қырықтың тоғызына толса да әкесі жайлы толғанып, әкесі жайлы ойлана береді. Себебі «Арыстанов Сабаз 1911 жылы туған. Қазақ. Қатардағы жауынгер. 1943 жылдың тамызында қаза тапқан. Смоленск облысы Отря ауылында жерленген» деп жазылған «Боздақтар» кітабының 1999ж. 108 бетінде. Дәл осы дерек қолына түскен бойда майданда от кешкен әкесі туралы тың деректерді іздеп, өткен тарихтың парақтарын ақтарған Әлия бірде ағайын-туманың айтуымен Мәңгілік алауға барады. Мұнда да соғыстан оралмаған солдаттардың қатарынан өз әкесінің аты-жөнін көріп, есінен танып қала жаздайды.
Мира ШҮӘЙНШӘЛИЕВА,
Суретте Ұлы Отан соғысының ардагері Сабаз Арыстанов
Мақаланың толық нұсқасын «Жайық үні» газетінің 7 мамыр күнгі №17 санынан оқи аласыздар.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі

Кіру
Пікір үстеу