БҚО-ДА ТӨРТ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІНЕН КОРОНАВИРУС АНЫҚТАЛДЫ
Бүгін мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған алты адамның тіркелгенін хабарлады.

Коронавирустық инфекция табылған алты азаматтың екеуі – 23 және 24 жастардағы Ресей Федерациясында вахта әдісімен жұмыс жасайтын Түркістан облысының және Шымкент қаласының тұрғындары. Ресей Федерациясының Самара облысымен шекарадағы «Сырым» автоөткеліндегі санитарлық-карантиндік бекетте эпидемиолог мамандармен қашықтық термометрия және сауалнама жүргізу кезінде азаматтардың денсаулықтарына шағымдары болмаған. Алгоритмге сәйкес, СКП эпидемиологтары жедел жәрдем шақырып, азаматтар карантиндік стационарға жатқызылған.
Сонымен қатар, коронавирус инфекциясы анықталған 4 адамның екеуі – кіші медициналық қызметкер болса, екеуі – стационар қызметкері. Өздеріне дейін вирусты жұқтырғандармен қарым-қатынаста болғандықтан, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен 6 пациентте де COVID-19 диагнозы нақтыланып, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылған. Олармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.
Айта кетейік, облыста коронавирус инфекциясының алғашқы жағдайлары 29 наурызда тіркелді. 27 сәуір күнгі жағдай бойынша облысымызда COVID-19 коронавирустық инфекциясын жұқтырған 122 адам анықталды. Жеті науқас сауығып, үйіне шығарылды. Қалған 115 науқас облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында ем алуда. Провизорлық стационарда – 20, карантиндік стационарда – 359, үй оқшаулауында – 1478 адам дәрігерлер бақылауында.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Болатбек Қаюповтың мәліметінше, бүгінгі күнге 12 медициналық қызметкердің коронавирус жұқтырғаны тіркелді.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу