8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Сәуір 2020 1358 0
Өзек

БҚО-ДА БІР ТӘУЛІКТЕ 13 АДАМНАН КОРОНАВИРУС АНЫҚТАЛДЫ

Батыс Қазақстан облысында 13 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың айутынша, олардың бәрі «сырттан» келген азаматтар. 

Коронавирус инфекциясы табылғандардың барлығы да Ресей Федерациясының Саратов және Мәскеу қалаларында жұмыс жасайтын Қазақстан Республикасының азаматтары. Олардың алтауы Батыс Қазақстан облысының, бесеуі Алматы облысының, екеуі Түркістан және Қарағанды облыстарының тұрғындары.

Ресей Федерациясымен шекарадағы «Тасқала» автоөткеліндегі санитарлық-карантиндік бекетте эпидемиолог мамандар байланыссыз термометрия және сауалнама жүргізу кезінде азаматтардың денсаулыққа шағымдары болмаған. Алгоритмге сәйкес, СКП эпидемиологтары жедел жәрдем шақырып, азаматтар Тасқала ауданындағы карантиндік стационарларға жатқызылды.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен 13 пациентте де COVID-19 диагнозы нақтыланды. Барлығы да облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды. Ең жасы – 19-да, үлкені 49 жаста.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.

Дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар қолға алынған.

Айта кетейік, облыста коронавирус инфекциясының алғашқы жағдайлары 29 наурызда тіркелді.  26 сәуір күнгі жағдай бойынша облысымызда COVID-19 коронавирустық инфекциясын жұқтырған 116 адам анықталды. Алты науқас сауығып, үйіне шығарылды. Қалған 110 науқас облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында  ем алуда.

25 азамат провизорлық, 89 адам карантиндік, 1450 адам үйде оқшауланып, медициналық бақылауға алынған.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
74 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
366 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
386 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
363 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
404 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»