8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Сәуір 2020 1292 0
Қоғам

Карантин кезінде жұмыс бәсеңсімеу қажет

Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік қызметті өткеру, бақылау және мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау және бағалау» бағыттары бойынша видеоконференцбайланыс арқылы семинар-кеңес өтті.

2020 жылдың I тоқсанын қорытындылап, алға қойған міндеттерді айқындаған онлайн жиынға облысымыздың жергілікті және орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің персоналды басқару мен мемлекеттік қызмет көрсету қызметтеріне жауапты мамандар және қала, аудан әкімі аппараттарының басшылары қатысты.

Семинар барысында жоғарыда көрсетілген тақырыптар бойынша департаменттің басқарма басшылары В.Масимова, Ж.Мұратов, Б.Ибрашевтар баяндама жасады. Департамент басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ғ. Тұрсынбаев кадр мәселесінде әсіресе, мемлекеттік органдардағы таза ауысушылықты төмендету мен мемлекеттік қызмет көрсетуде тиімді шаралар қабылдау туралы тапсырмалар берді. Төтенше жағдай кезеңінде мемлекеттік органдар тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сапалы көрсету мәселесіне ерекше ұқыптылықпен қарау қажетін атап өтті.

Шара барысында тараптар қалыптасқан жағдайларға байланысты пікір алмасып, қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.

http://zhaikuni.kz/

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
87 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
372 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
393 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
369 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
411 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»