Азизхан БАЙМАХАН: «СОТТАСУҒА УАҚЫТ ЖОҒАЛТПАЙ, БІТІМГЕ ТАЛПЫНАЙЫҚ»
Азизхан Баймахан, Орал қаласының №2 сотының судьясы
Мыңдаған мақала, күн сайынғы кездесу (дөңгелек үстел, семинар аясында), жүздеген жүздесу (эфирде), әлеуметтік желідегі әртүрлі посттар мен бейнехабарламалар, осының бәрі – медиация жайында. Расында айтылмаған ойлар мен талқыланбаған пікір жоқтың қасы деп тұжырымдасақ қателеспеспіз. Өкінішке орай, жасалған іс-шаралар тиісті, күтілген нәтижесін әлі көрсетер емес. Сол себепті, бүгінгі мақала тағы да – медиция жайында болмақ.

Абай атамыз өзінің бірінші қара сөзінде айтқандай: «…ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі…».
Медиация сөзінің шығу тарихы, мәні, заңның қабылдануы және статистикалық мәліметтер туралы жазу артық болар, сол себепті медиация тараптарға не береді, оның сот саласына тигізер септігі қандай, кемшіліктері бар ма, толықтыруды қажет етеді ме деген сұрақтарға жауап іздеп көрейік.
Қарапайым оқырманға түсінікті болу үшін салыстырмалы түрде жүйе ретінде қарастырайық, яғни дауды медиациялық келісіммен немесе сот тәртібімен шешудің айырмасы қандай.

Ал енді нақтырақ тарқатайық. Азаматтық дау сот тәртібімен шешілсе…

Ал медиация болса…

Әрине, бұл көрсетілген жағдайлар медиацияның толық оң тұсын сипаттауға жеткіліксіз.
Әлеуметтік желіде кейбір азаматтар неге сот медиацияны ұсынады, ол тек қана сот төрелігін жүзеге асыруы қажет деген пікір айтуда. Кез-келген адамның өз ойы болғаны табиғи құбылыс. Бірақ, түсіндіруді қажет ететін жайт, даудың келісіммен аяқталуы азаматтардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтірудің ең тиімді жолы, ал ол – сот үшін басты міндет.
Медиациялық келісімнің кем тұстары жоқ десек қателеспеспіз. Айтылатын тек бір ғана ұсыныс, сотқа дейін жасалған медиациялық келісімге атқару парағының күшін беру. Бұл өзгеріс азаматтардың құқықтарын қорғау жолындағы уақытты едәуір қысқартып, медиаторлардың жауапкершілігі мен рөлін арттыратыны сөзсіз.
Сонымен қатар, медиацияның тиімділігі ретінде борышкердің оны орындаудағы ынтасын айтуға болады. Мысалы сот шешімі баршаға міндетті болғанымен, егер борышкер өзінің табысын жасырса, оның ешқандай мүлкі болмаса, сот актісін іс жүзінде орындау біраз қиындыққа алып келеді. Ал медиация тараптардың ортақ шешімі болғандықтан, борышкердің шынайы материалдық жағдайын ескере отырып жасалғандықтан, борышкер өз міндетін уақытында және толық орындауға ынталы болады.
Өзіне және өзгеге құрметпен қарайтын адамға тиісті нәтиже шығару үшін айтылған ой аз емес сияқты. Бітімге талпынайық ағайын!
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу