8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Наурыз 2020 1455 0
Өзек

БҚО-ДА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН 32 АЗАМАТ ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін жауапкершілік көзделгені туралы бірнеше рет ескерткен болатын. Осыған қарамастан, жекелеген тұлғалар белгіленген талаптарды бұзуды жалғастыруда. Сондықтан жауапкершілікті ауырлату жөнінде шаралар қолданылды.

Төтенше жағдай енгізілген сәттен бастап оның шарттарын бұзғаны үшін 32 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 18-не қатысты әкімшілік қамаққа алу туралы шешім қабылданды.

Әкімшілік істердің көпшілігі сауда (дүкендер) және қоғамдық тамақтану (мейрамханалар мен дәмханалар) объектілері иелерінің төтенше жағдай кезінде енгізілген шектеулерді орындамауымен байланысты. Бұдан басқа, карантинге жатқызылған тұлғаның стационардан өз бетімен кету фактісі бар. Кінәлі тұлғаға әкімшілік айыппұл салынды.

Медициналық мақсаттағы бұйымдарды сату бойынша 4 фактінің жолы кесілді.

Осыған қоса, коронавируспен байланысты көрінеу жалған ақпараттар тарату фактілері анықталды. 3 тұлғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сонымен қатар, коронавирусты жұқтырған тұлғаның жеке мәліметтерін таратқаны үшін 1 қылмыстық іс тіркелді.

«Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін біздер азаматтардан қайталап қабылданған шараларды түсініп, денсаулық сақтау басқармасы мен полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз. Полицияның мұндай талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгенін (40 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 10 күнге дейін қамаққа алу) атап өтеміз. Санитарлық ережелер мен гигиеналық нормаларды бұзған үшін (ӘҚБК 425 бап) қызметін тоқтата тұрып 2000 АЕК дейін, ал бақылаушы органдардың актілері мен талаптарын орындамаған үшін (ӘҚБК 462 бап) қызметін тоқтата тұрып 500 АЕК дейін әкімшілік айыппұлға әкеп соғады. Сонымен бірге шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға және арандатушылыққа берілмеуге шақырамыз» делінген БҚО прокуратурасының хабарламасында.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
74 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
68 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
68 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
65 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
117 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
92 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»