КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫҢ ТАРАЛУЫН АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША НЕГІЗГІ ШАРАЛАР
Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті жағдайдың нашарлау қаупіне байланысты (COVID-2019) коронавирустық инфекцияны жұқтырудың және таралуының алдын алу бойынша келесі негізгі шараларды сақтауды ұсынады.

– қажет болған жағдайларды қоспағанда, үйден шықпаңыз, тек (азық-түлік, дәрі-дәрмек сатып алу үшін, медициналық көмек және өмірлік маңызды қызметтерді алу үшін) шығыңыз;
– саябақтарға, ойын алаңдарына, банкілерге, ХҚКО-ларға, базарларға және басқа да адамдар көп жиналатын жерлерге бармаңыз;
– басқа адамдармен байланыс құралдары арқылы қашықтықтан сөйлесіңіз. Үйде қонақ қабылдауға және қонаққа баруға болмайды;
– үйден сирек шығуға тырысыңыз, мүмкіндігінше қашықтағы жұмыс режиміне өтіңіз, өнімдер мен тауарларды жеткізу қызметтерін пайдаланыңыз;
– қарт адамдар мен күрделі ауыр аурулармен ауыратын адамдар міндетті түрде үйде қалуы қажет;
– жеке гигиена ережелерін сақтаңыз, сүйкімді, құшақтықты және қол алысуды қоса алғанда, физикалық қарым-қатынастардан аулақ болыңыз (құшақтау, қол алысу, сүйісу т.б.);
– есік тұтқаларын және есіктерді дезинфекциялаңыз;
– қолдың беттермен жанасуын қорғау үшін бір рет қолданылатын майлықтарды пайдаланыңыз;
– қолыңызды сабынмен жиі жуыңыз (30 секундтан кем емес);
– үй-жайларды жиі желдетіңіз (күніне кемінде 3-4 рет 15 минуттан);
– күніне екі рет құрамында хлоры бар заттарды қолдана отырып ылғалды тазалау жүргізіңіз;
– жөтел және түшкіргенде аузыңызды шынтағыңызбен жабыңыз және алақан немесе ауаға жөтелмеңіз, немесе мұрын мен аузыңызды бір реттік майлықпен жабыңыз;
– Темекі шегуден, кальян шегуден бас тартыңыз, ол арқылы жұқтыру қаупі жоғары;
– жалпы асханалық аспаптарды пайдаланбаңыз, бір табақтан ас ішпеңіз, және басқа адамға тағамды басқа тағамға жібермеңіз.;
– үйде болып, салауатты өмір салтын ұстаңыз, тамақтануды қадағалаңыз, дене шынықтырумен айналысыңыз;
– далаға шықпастан бұрын медициналық маска киіңіз, және жыл маусымына сәйкес қолғап (мүмкіндігінше медициналық), сондай-ақ ұзын жеңді сыртқы киім киіңіз;
– қоғамдық көлікті пайдаланбауға тырысыңыз. Адамдар көп жиналатын жерлерде болмай, өз көлігіңізбен немесе жаяу жүрген дұрыс;
Егер сізбен бірге тұрған жақын адамды ауруханаға жатқызса:
Науқас тұрған әрбір отбасы мүшесі үшін медициналық мекемеге карантиндік оқшаулану жағдайына «дабыл сөмкесін» (ауыстырмалы іш киім, гигиена құралдары, телефон зарядтау құрылғысы және т. б.) дайындаңыз.
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі

Кіру
Пікір үстеу