8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Наурыз 2020 1209 0
Қоғам

ОРАЛДАҒЫ АРНАУЛЫ ОҚУ ОРНЫ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ҚАН ТАПСЫРДЫ

«Волонтерлар жылы» аясында өңіріміздің техникалық және кәсіптік білім беру саласының қызметкерлері өз еріктерімен қан тапсыруда. 

«Өмірге үміт сыйлаймыз» деп аталған мұндай игі шара наурыз айында бастау алды және мамыр айының соңына дейін жалғасатын болады.

Аталған игі істен Жоғары аграрлық-технологиялар колледжі, Батыс Қазақстан индустриялдық колледжі, А.Иманов атындағы жол көлік колледжі, Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледждерінің қызметкерлері де тыс қалмай, арнайы орталыққа барып, қан тапсыруға бір ауыздан атсалысты.

«Егер біз тапсырған қан арқылы өзгенің өмірі жалғасса, біз үшін одан асқан қуаныш жоқ дейді» – мекеме қызметкерлері.

Өз кезегінде сөз алған ақ халаттылар білім беру саласының қызметкерлеріне денсаулықта кінәрат болмаса донор болудың пайдалы екенін, қан айналымы жүйесі донорлықтың арқасында жақсаратынын айтып, жауапкершілігі мол жұмыста сәттілік тіледі.

БҚО Білім басқармасының баспасөз қызметі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
43 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
93 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
54 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
280 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»