АБАТ ШЫНЫБЕКОВ: «ҚИЫНДЫҚТЫ БІРЛІКПЕН, ТӘРТІППЕН ЖӘНЕ БІР-БІРІМІЗДІ ҚОЛДАУМЕН ЕҢСЕРЕМІЗ»
Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Орал қаласы әкімі Абат Шыныбеков қала тұрғындарын төтенше жағдайға байланысты енгізілген шектеулерді қатаң сақтауға шақырды.

– Құрметті жерлестер, өздеріңізге белгілі мемлекет тарапынан қабылданып отырған шаралар бірінші кезекте адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға бағытталып отыр. Коронавирус індеті күн сайын өршіп барады. Дәл қазіргі уақытта елімізде 121 адамның инфекция жұқтырғаны расталды. Өкінішке орай, күні кеше бір адам осы инфекциядан көз жұмды. Коронавирус инфекциясының қауіптілігін әрқайсымыз сезінуіміз керек. Сол себепті қарапайым қағидаларды сақтағанымыз дұрыс. Осы орайда, өзіміздің және жанымыздағы жақын жандардың саулығы үшін мемлекет тарапынан қабылданып отырған талаптарға бағынуға, санитарлық талаптарды қатаң сақтауға шақырамын. Бүгінгі күні қаланаң барлық аумақтарында мониторинг жасалуда. Өкінішке орай, сауда орталықтарында, аулаларда көпшілік жиналулар азаймай тұр. Сондай-ақ қонаққа бару, той-томалақ жасау тыйылмай тұрғанын да атап өтуіміз керек. Күрделі кезеңде шектеу талаптарын ескергеніміз жөн. Сары алтындай сабырды көңілге демеу етейік. Біз келген қиындықты бірлікпен де, тәртіппен де, бір-бірімізді қолдаумен де еңсереміз деген ойдамын, – деді Абат Абайұлы.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу