8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Наурыз 2020 1526 0
Өзек

ОРАЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІ: «АЗЫҚ-ТҮЛІКТІҢ БІРНЕШЕ АЙҒА ЖЕТКІЛІКТІ ҚОРЫ БАР»

Батыс Қазақстан облысында 19 түрлі әлеуметтік маңызды азық-түліктің бірнеше айға жеткілікті қоры бар. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты жергілікті атқарушы органдар тарапынан қабылданған іс-шаралар туралы брифингте Орал қаласы әкімі Абат Шыныбеков айтты.

Қала әкімі Абат Шыныбеков атап өткендей, мемлекет басшысы және облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Орал қаласында төтенше жағдай кезінде шұғыл әрекет ететін штаб құрылып, бес бағытта жұмыс жүргізуде.  Соның бірі бағыты – азық-түлік бағасына мониторинг жасау.

–  Қала әкімдігінің маманадары, облыстық басқарма басшылары және волонтерлер күнделікті барлық дүкен-супермаркеттер мен базарларда бірінші кезектегі қажетті тауарлар бағасына мониторинг жүргізуде. Облыс бойынша 19 түрлі әлеуметтік маңызды азық түліктің бірнеше айға жеткілікті қоры бар. Тапшылық жоқ. Сондай-ақ мемлекеттік органдар облыс аумағындағы барлық сауда нүктелерін тиісті азық-түліктермен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлуде. Тиісті мөлшердегі қор жасақталуда. Қазіргі уақытта маңызды тауарлардың шекті бағалары да белгіленген. Осы орайда  тұрғындарымыз төтенше жағдай кезінде бағаны негізсіз өсіру, санитарлық талаптарды сақтамау фактілерін байқаған болса, 8 700 0 109 109 whatsApp нөміріне хабарлауларына болады,  – деді Абат Абайұлы.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
74 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
68 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
68 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
65 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
117 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
92 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»