8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Наурыз 2020 1148 0
Өзек

ОРАЛДА 200-ДЕН АСА САУДА ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ НЫСАНДАРЫ ЖҰМЫСЫН ТОҚТАТТЫ

Коронавирус пандемиясына байланыста Қазақстан Республикасы аумағында төтенше жағдай енгізілуіне орай бүгін БҚО өңірлік коммуникациялар қызметі алаңындағы брифингте жергілікті атқарушы органдар тарапынан қабылданған іс-шаралар мәлімделді.

Қазіргі уақытта өңірдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты.Қала және  облыс аумағында коронавирус инфекциясы тіркелген жоқ. Бүгінгі күні 26 адам провизорлық стационарда, 53 адам үй карантинінде, 133 адам жалпы бақылауда. Қаланың санитар-эпидемиологтары әуежай, темір жол вокзалында келушілерді тепловизор құралымен тексеріп, анкета толтыртуда. 20 наурыздан бері Орал қаласына 3000-нан аса адам келген.

Қала әкімі Абат Шыныбеков атап өткендей, мемлекет басшысы және облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Орал қаласында төтенше жағдай кезінде шұғыл әрекет ететін штаб құрылып, бес бағытта жұмыс жүргізуде.  Бірінші – мониторинг тобының ақпараттық түсіндіру жұмысы, екінші – коронавирус инфекциясын алдын алу шаралары, соның ішінде дезинфекция жұмыстарын жүргізу, үшінші – әлеуметтік маңызды азық-түлік бағасын оңтайландыру, бақылау, төртінші – қаладағы мемлекеттік мекеме қызметкерлерін қашықтықтан жұмыс жасау режиміне көшіру, бесінші – әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарды қолдау.

– Қазіргі таңда мәдени нысандардың қызметі, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шаралар уақытша тоқтатылды. Ірі сауда орындарының жұмыс кестесі шектелді. Мектеп оқушылары демалыста, жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттері қашықтықтан оқуға көшірілді. Кинотеатр, театр, концерт залдарының, көрмелердің, мектептен тыс қосымша білім беру орындарының, түнгі клуб, фитнес залдарының, сауда орындарындағы балалар ойын алаңдарының, компьютер, спорт клбутары және аумағы 2000 шаршы метрден асатын азық-түлік емес базарлар мен сауда үйлерінің  жұмысы тоқтатылды. Жалпы 221 сауда және қызмет нысанының жұмысы тоқтатылды. Қала аумағындағы 54 ауладағы алаңдар жабылды және бүгіннен бастап қалалық мәдениет және демалыс саябағы жабылды, – деді қала басшысы Абат Абайұлы.

Облыстың бас санитарлық дәрігерінің нұсқамасымен аумағы 2000 шаршы метрден төмен сауда орындарының жұмыс уақыты шектелген еді. Бұл 1200 дүкен мен қоғамдық тамақтану орындары, супермаркеттер мен азық-түлік дүкендері. Яғни, олар 9.00-ден бастап кешкі сағат 21.00-ге дейін жұмыстарын жалғастыра алады. Дегенмен, талапқа бағынбай отырғандары да бар. Бұл туралы қалалық Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары, полиция майоры Жантемір Иманалиев баяндады. Бүгінгі күні Орал қаласы жерілікті полиция қызметкерлері рейд жүргізу кезінде төтенше жағдай талабын бұзғандарға қатысты 22 әкімшілік хаттама толтырған. Олардың 19-ы мамандандырылған әкімшілік сотында қаралып, тоғыз меншік иесіне 10 АЕК көлемінде (26 510) айыппұл салынған. 10 меншік иесі 2 күннен 10 күнге дейінгі мерзімде қамауға алынып отыр.

Жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрхат Ораштың айтуынша, батысқазақстандық волонтерлер қазіргі уақытта өтініш берген мұқтаж жандарға азық-түлік, жеке қорғану құралдарын жеткізуде  белсенді жұмыс атқаруда. Бүгінге дейін 437 отбасыға көмек берілген. Сондай-ақ волонтерлер бетперделер тігуді бастады. Осы уақытқа дейін еріктілер 15 мыңдай бетперде дайындап, таратқан.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
135 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
171 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
418 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
900 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1278 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1167 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1636 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2253 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2418 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2425 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2476 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2481 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2082 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2960 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
3013 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
3007 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3622 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3589 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3580 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3555 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3716 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»