Исатай-Махамбет ескерткіші үшін орын белгіленді
Исатай-Махамбетке ескерткіш орнату мәселесі көп жылдан бері талқыланып келеді. Бүгінгі таңда БҚО әкімінің қолдауымен бұл оң шешімін тауып, қаражат мәселесі шешілді. Бірақ, ескерткіштің орны әлі күнге қоғам талқысында бүгін Орал қаласы әкімі М.Мұқаев өңірдегі зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, ескерткіш үшін таңдалған жаңа орындағы үлгіні ұсынды.

үлгі
Батырларға арналған ескерткіш ауқымды болмақ. Сондықтан бұған дейін айтылған көп орындарға үйлеспеуі мүмкін. Сол себепті әкімдік тарапынан жаңа ескерткіш үшін Шаған жағалауы көшесіне – Исатай-Махамбет даңғылы атын беріп, жол бойындағы екі көпір қиылысына ескерткішті қою жоспарланып отыр.

– Ескерткіштің өзі 12 метрдей болады және тұғыры да биік болмақ. Бұл шамамен 5-6 қабатты үйдің биіктігіндей. Көп қалаларды мұндай монументальды ескеркіштер өзендердің жағалауына немесе қаланың кіреберіс қақпасына «визит карточкасы» ретінде орнатылады. Бұл ретте бірқатар қалалар зерттелді. Қалаға Жәңгір хан көшесімен кіргенде «Жазира» ауданы аяқталып, бір жол Әзірбайжан көшесіне, екінші бұрылыс қалаға бағытталады. Осы жерден қалаға қарай 2 шақырымнан кейін ескерткіш үшін орын белгіленіп отыр. Көпшілік бұл жердің тарлығын айтуы мүмкін. Бірақ, келер жылы біз қаланың бас жоспарына өзгерістер енгізіп, бұл аумақты абаттандыруды көздеп отырмыз. Осы аумақтың оң жағы – «Құтқару станциясы», сол жағы – жайылма. Сол жерді көтеріп, екі үлкен тынымбақ жасақталады. Ескерткіштің артқы жағынан жаяу жүргіншілер үшін көпір салуды ойластырдық, – деді қала басшысы Мұрат Рахметұлы.
Ескерткіштің эскиз-үлгілерін көрген зиялылар өз ойларын қосып, таңдалған орынның сәтті екенін және қолдайтындарын білдірді.

Қазіргі уақытта ескерткіштің жобасын сәулетші Серік Исаев дайындауда.

үлгі
үлгі
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу