«Өтірікті де дұрыстап айту керек». Сағынтаев бюджет қаржысын толық игермеген министрліктерді сынады
Бүгінгі Үкімет отырысында Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов сегіз айдың қорытындысы бойынша бюджет қаржысын толық игермеген министрліктерді атады, деп хабарлады baq.kz. Содан кейін Премьер-министр аты аталған министрліктерден игерілмеген қажының есебін сұрады. baq.kz Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев пен бірнеше министрліктің арасында болған диалогты жариялады.

– Қорғаныс министрлігі, 15,4 млрд теңге игерілмей жатыр. Не айтасыз? – деп сұрады ол. Ал жақында ғана мекеме басшылығына келген Нұрлан Ермекбаев міндетті түрде нақты шаралар қолданатынын айтты.
Содан кейін Үкімет басшысы Мәдениет және спорт министрлігінен 11 млрд теңге қаржыны неге игермей отырғанын сұрады.
– Бақытжан Әбдірұлы, барлығы жосаарлы түрде жүріп жатыр, – деді Мұхамедиұлы.
– Қалай жоспарлы түрде жүреді, сегіз айдың қорытындысымен иегірлмеген ақша. Жоспарлы түрде игермей отырамыз ба сонда?
– Техникалық сұрақтар…
– Қалай техникалық сұрақтар? Сегіз айдың ішінде 11 миллиардқа қанша мектеп салуға, қанша шақырым жол жөндеуге, қанша балабақша ашуға, қанша аурухана соғуға болады.
– Жылдың аяғына дейін игереміз.
– Сұлтанов айтып өтті ғой, кім игермей жатыр, қайта қарау кезінде бюджеттен бәрін алып қоямыз. Өкпелемеңіздер. Ауыл шаруашылығы министрлігі 10,9 млрд теңге.
– Бюджет – 355 млрд теңге, 10,9-ы сегіз айда игерілмеген. Мұның ішінде 5 млрд теңгеден астамы су шаруашылығына атқарылуға қойылса, содан кейін ғылым жағына. Білім министрлігіне маусым айында, содан кейін шілде айында екінші рет өтінім берілді. Ол жерде 90 күн қаралады. Қалай біз қысқартамыз? Қайта-қайта хабарласамын, олармен сөйлесемін. Мүмкін тәртібін өзгерту керек шығар, қалай 90 күн?, – деп жауап берді Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шүкеев.
– Сіз Үкімет басшысының орынбасарысыз, министрге қарағанда сіздің лауазымыңыз жоғары. Шақырып алыңыз, қарап шығыңыз. Берілген ақша игерілуі керек. Ғылымға деп ақша аласыздар, игерілмей жатады. Сонда не үшін ақша беріледі? – деді Премьер-министр.
Осыдан кейін есеп беру кезегі Ішкі істер министр Қалмұханбет Қасымовқа келді. Ол 4,5 млрд теңгені қыркүйекке дейін орындайтынын айтты.
– Қыркүйектің ішінде отырмыз ғой, қалай қыркүйекке дейін, бүгін 11 қыркүйек?
– Қорғос… орнына келтіреміз, экономия 2,9 …
– Өтірік айтқанда да дұрыстап айту керек қой. (…) Ақпарат және коммуникациялар министрлігінен кім бар, микрофонға келіңіз.
– Жыл соңына дейін игереміз, – вице-министр.
– Бізге керегі жоқ жыл соңына дейін деген, қазір игеріңіздер.
– Қыркүйекте бастаймыз.
– Қыркүйекте бастаймыз деген не? Сонда сегіз айда не істедіңдер? 1 қыркүйектен игерілуі қажет. (…) Құрметті әріптестер, тағы да қайталап айтамын. Игерілмеген қаржының бәрі басқа игеруге шұғыл қажетті болып отырған салаларға кететін болады.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу