ДЕПО АУДАНЫНДАҒЫ КӨПІР АШЫЛДЫ (ВИДЕО)
«Қала күні» мерекесі аясында Оралда бүгін, 7 қыркүйек күні Депо ауданындағы қайта салынған жол өткелі пайдалануға берілді. БҚО әкімі Алтай Көлгінов пен Орал қаласы әкімі Мұрат Мұқаев құрылысшыларға алғыстарын білдірді.

Аталмыш көпір негізінен 1965 жылы салынған болатын. Қала әкімі Мұрат Мұқаев атап өткендей, осы уақытқа дейін, яғни 50 жыл бойы күрделі жөндеу жүргізілмеген көпірді қайта салу қала тұрғындары мен көлік жүргізушілері үшін аса маңызды болды.
– Елбасы Н.Назарбаевтың халықтың жағдайын жақсарту жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында қалада көптеген жұмыстар жүргізілуде. Шаһар халқының саны жыл санап өсіп келеді. 2000 жылдары халық саны 210 мың болған болса, қазір 330 мыңдай. Сәйкесінше, көліктер де еселеп көбейді. Жаңа көпір бұрынғыдан екі есеге ұзарды. Әрі мердігерлермен бірге атқарылған жұмыстар нәтижесінде құрылыс ерте аяқталды, – деді Мұрат Рахметұлы.
2017 жылдың 1 наурызы күні қайта салынуға жабылған Депо көпірінің құрылысы 2 жылға жоспарланған еді. Бірақ, тұрғындар игілігіне жарты жыл бұрын беріліп отыр. Жаңа көпірдің жалпы ұзындығы – 536 метр. Бұрын ені 7,5 метр, екі жолақты ғана болған болса, енді 4 жолаққа дейін кеңейтіліп 14 метрге, тротуралар 1 метрден 1,5 метрге ұзартылған. Жалпы ені 12 метрден 20 метрге дейін артқан. Өткел бойына 18 жарықтандыру бағаны және бейнебақылау камералары орнатылған. Бұл өткел бір тәулікте 46 мыңдай автокөлікті өткізу қуаттылығына ие.
Көпір құрылысына ҚПО б.в. қаржысынан 2,3 млрд.теңге жұмсалды. Құрылысты жүргізген «КА-Строй ЛТД» ЖШС. Мердігерлердің сөзінше, құрылыс жұмыстарына 80-нен аса адам мен 30 шақты техника жұмылдырылған.

Сондай-ақ қала басшысы жыл соңына дейін Омега ауданындағы көпірді сүру жұмыстары басталатынын жеткізді. Қыс бойы демонтаждау жұмыстары жүргізіліп, келер жылдың көктемінде жаңа көпір салу басталады.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу