Апатты үй иелеріне – жаңа баспана
Өңірімізде мемлекеттік жекеменшік әріптестік қағидаттарына сәйкес бұзылған апатты және ескі үйлердің орнына жаңа үйлер салынуда. Осылардың дәлелі ретінде бүгін шаһар күні қарсаңында алты қабатты тұрғын үй ашылды. Облыс әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев дәл осындай қуаныштың куәсі болып, 2 шақырым, 24-үйдің жаңа қоныс иелеріне салтанатты түрде пәтер кілттерін табыс етті.
– Құрметті қала тұрғындары! Баршаңызды келе жатқан қала күні мерекесімен құттықтаймын. Қысқа мерзім ішінде мемлекеттік жекеменшік серіктестік бағдарламасы аясында «ОралПолимер» ЖШС апатты жағдайдағы үйлердің иелеріне жаңа көпқабатты үй құрылысын аяқтады. Бұл үйде өзім өткен жылы болдым. Жағдайымен жақсы таныспын. Міне, көптен күткен қуаныштарыңыз орындалды. Қалада апатты үй өте көп. Қазіргі таңда Елбасының сарабдал саясаты нәтижесінде «Нұрлы жер», «7-20-25» бағдарламалары іске қосылып, жарқын істер жасалуда, – деген Бағдат Оразалдыұлы қоныс иелеріне «құтты болсын» айтып шықты. Жаңа қоныс иесі Ләззат Абдулова бұрын 35,5 шаршы метр үйде тұрса, қазіргі баспанасының көлемі 45,5 шаршы метр. Қонақтарды шашу шашып қарсы алған ол бағдарламаның қарапайым тұрғындар үшін өте қолайлы екенін жеткізді.


Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Надежда СУРОВА, үй тұрғыны:
– Осыдан екі жыл бұрын мен осы жердегі екіқабатты апатты үйден баспана алдым. Үй өте ескі болды. Елбасының салиқалы саясатының нәтижесінде 2015 жылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік туралы заң күшіне енді. Содан соң заң аясында апатты үйіміз сүрілді. Бізді уақытша қолайлы пәтерге көшірді. Облыс әкімі Алтай Көлгіновтың, «ОралПолимер» ЖШС директоры Роберт Ирменовтың жүйелі жұмыстануының арқасында бір жыл ішінде жаңа қонысқа оралдық. Енді тұрақты мекенжайымыз бар. Қала күні қарсаңында екі бөлмелі пәтердің кілтін алдым. Барша оралдықтарды қала күнімен құттықтаймын.
Наталья БАБЫЧЕВА, жаңа қоныс иесі:
– Бізге осындай зор мүмкіндік сыйлаған Мемлекет басшысына алғысымыз шексіз. «7-20-25» бағдарламасы шеңберінде қолайлы баспанаға қол жеткіздім. Пәтерімнің жобасы өте керемет.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу