ҚАЛЫҢ ТҰМАН, КӨКТАЙҒАҚ КҮТІЛУДЕ
21 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысы аумағында қалың тұман күтілуде. Қатты көктайғақ ықтималдығы бар. Осы орайда, төтеншеліктер қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді.


Көк тайғақ – қыс кезіндегі құбылыс, әдетте температураның күрт жоғарылап кері төмендеуінен немесе ұзақ атмосфералық қар аралас мұздақ жауындарының нәтижесінде туындайды. Көктайғақ барлық қозғалыс қатысушылары үшін, жаяу жүргіншілер және жүргізушілер үшін де қауіпті. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қазіргі уақытта қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуді күшейтті.
– Ауа райы туралы ақпаратты тыңдап отырыңыз. Егер де ауа-райы болжамы көктайғаққа немесе көк мұз туралы хабарлама берілсе, алыс жолдарға сапарды кейінге қалдырған дұрыс. Себебі көктайғақтың әсерінен автокөліктердің жолдан шығып кету немесе апатқа ұшырау оқиғалары жиі кездесіп тұрады. Көктайғақ кезде сыртқа шығарда өкшесі биік емес, табаны қалың және бұдырлы аяқ киім киген жөн. Абайлап, асықпай, барлық табанға басып жүру керек. Бұл ретте аяқты аздап босаң ұстап, қол бос болу керек. Кәрі адамдарға резеңке ұшы бар таяқты немесе үшкір басы бар арнайы таяқты пайдалану ұсынылады.Егер аяқ тайып кетсе, құлау биіктігін төмендету үшін отыра қалған жөн. Құлаған сәтте жиналуға тырысып, жерге домалап, соққыны төмендету керек. Көктайғақ көбіне мұзданумен ілесе жүреді. Бұл жағдайда электр өту желісіне, электр көліктерінің байланыс топтарына ерекше назар аудару қажет. Үзілген сымды көрсеңіз, бұл туралы елді мекен әкімшілігіне немесе ТЖ қызметіне хабарлаңыз, – дейді Ақжайық ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері азаматтық қорғау лейтенанты Е.Кенжеғали.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу