КРУГЛООЗЕРНЫЙ КЕНТІНІҢ ЖАҢА ӘКІМІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Бүгін қала әкімі Абат Шыныбеков Круглоозерный ауылдық округінде болып, жаңадан сайланған ауылдық округі әкімі Ашығалиев Тимур Құбайдоллаұлын халыққа таныстырды.

Ашығалиев Тимур Құбайдоллаұлы 1974 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, 1996 жылы Батыс Қазақстан Ауыл шаруашылығы институтын инженер-механик мамандығы бойынша тәмамдаған. Мемлекеттік қызмет өтілі – 5 жыл.
2011 жылы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалімен марапатталған.
Еңбек жолы:
– 07.1996 – 11.2000 жылдар аралығында «Тимур и К» толық серіктестігінің директоры;
– 11.2000 – 06.2004 жылдар аралығында «Орал агрофирмасы Біріккен кәсіпорны» ЖШС-нде қайта өндеу цехының бастығы;
– 06.2004 – 10.2005 жылдар аралығында «Орал астық өнімдері комбинаты» ЖШС директорының орынбасары;
– 11.2005 – 03.2006 жылдар аралығында «Жайық Жылу Қуат» АҚ турбиналы цехтың насос қондырғысының машинисті;
– 03.2006 – 08.2006 жылдар аралығында «Казюгозападпромстрой» ЖШС бу-газды қоңдырғының операторы;
– 09.2006 – 06.2007 жылдар аралығында «Жайық Жылу Қуат» АҚ-нда ЖЭЦ бу-газды қоңдырғы блогы ауысымының бастығы;
– 08.2008 – 10.2008 жылдар аралығында «Көркем Орал» ЖШС директорының орынбасары;
– 10. 2008 – 07.2012 жылдар аралығында Орал қаласының Деркөл кенттік округінің әкімі;
– 07.2012 – 03.2013 жылдар аралығында Орал қаласының Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй қорын ұстау секторының меңгерушісі;
– 06.2013 – 08.2013 жылдар аралығында «Январцев орман және жануарлар әлемін қорғау» ММ-нің орман шебері;
– 12.08.2013 жылдан бастап жаңа тағайындауға дейін Орал қаласының Желаев селолық округінің әкімі болды.
Айта кетейік, 13 желтоқсаны күні қалалық мәслихат депутаттарының қолдауымен Тимур Ашығалиев Круглоозерный ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу