8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Желтоқсан 2019 2046 0
Қалалықтар қаперіне

ПОЙЫЗ БИЛЕТТЕРІН МОБИЛЬДІ ҚОСЫМША АРҚЫЛЫ САТЫП АЛУҒА БОЛАДЫ

«Жолаушылар тасымалы» АҚ электронды билет сатуды жетілдіру мақсатында Android платформасында жол жүру құжаттары сатылатын «ҚТЖ билеттері» мобильді қосымшасын іске қосады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

«Осы қосымша функция «bilet.railways.kz» сайтымен бірдей және «Күту парағы» қызметі сақталады. Қосымшаны Play Market-тен жүктеп алуға болады. (ҚТЖ билеттері).

Қосымша тестілік режімде жұмыс істейді, интерфейс және функционалға қатысты ұсынысты clpp2012@mail.ru поштасына жолдау керек», делінген хабарламада.

Ұлттық тасымалдаушы жол жүру құжаттарын (билеттерді) интернет-ресурста ресімдеуге болатынын еске салады. bilet.railways.kz немесе билет кассасы, бөгде интернет-сайттар, өзіне-өзі қызмет көрсету автоматтары («QIWI» және «Касса-24» сауда маркаларымен) арқылы немесе пошта бөлімшелерінің қызметтерін пайдалануға, орын болмаған жағдайда, пойыз жөнелтілгенге дейін 7 тәулік бұрын «Күту парағы» қызметін тегін пайдалануға болады.

«Азаматарды билет сатып алғанда бөгде адамның күмәнді қызметін пайдаланбауға, ал билеттерді заңсыз сату фактісі анықталған кезде белсенді азаматтық ұстаным танытып, қызметкерлері тұрақты негізде вокзал кешендерінде орналасқан ҚР ІІМ көліктегі полиция департаментінің Желілік полиция бөлімдеріне жүгінуге шақырамыз», делінген хабарламада.

ҚазАқпарат

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
69 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
363 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
383 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
360 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
401 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»