8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Желтоқсан 2019 1809 0
Қалалықтар қаперіне

ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУДІ ТАПСЫРУ ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТҚА КӨШІРІЛЕДІ

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында мектептен кейінгі білім беру жүйесінде болатын өзгерістерді атады. Айтуынша, енді ұлттық бірыңғай  тестілеу электронды форматта болмақ, гранттардың жаңа түрлері енгізіледі.

 – Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру тәртібі электронды форматқа көшіріледі. Гранттардың бірнеше түрі енгізіліп, жоғарғы оқудың ашықтығы, қолжетімділігі қамтамасыз етіледі. 2025 жылға дейін 90 мың орынға арналған жатақханалар салынады. Педагогика мамандарын даярлайтын 85 университкеқосымша талап қойып, олардың санын әлдеқайда азайтып, материалдық базасын нығайтамыз, – деді Асхат Аймағамбетов.

Білім және ғылым министрі колледж түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткіші 60%-дан 75%-ға дейін жететінін айтты. Жоғары білім бағдарламалары кәсіби стандарттарға негізделіп, 100% жаңарады. Шетел студенттерінің саны жалпы контингенттің 10%-ын құрайды. Министр білім гранттарың құны артатынын атап өтті.

– Білім гранттарын орташа алғанда 340-420 мыңнан 900 мыңға дейін өсіру арқылы профессорлық-оқытушылық құрамның еңбекақысын көтеру, университеттердің материалдық базасын жақсарту көзделіп отыр. Бұл көптен күткен жаңалық. 2011 жылдан бастап грант құны жалпы бұлай өзгермеген. Осыған бюджетен 244 млн. теңге қарастырылады. 10 университетте академиялық басымдық орталықтарын құру үшін 21 млрд. теңге бөлініп, 10 университет әлемнің үздік 500 университеті қатарына кіреді, – деді А.Аймағамбетов.

Ақпарат көзі: BAQ.KZ  

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
18 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
72 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
47 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
267 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»