Ата заң – мызғымас мемлекеттің қазығы
Конституция күні қарсаңында өткен облыс активінде өңір басшысы Алтай Көлгінов жиналғандарды келе жатқан мерекелерімен құттықтап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан жерлестерімізге «Астана – 20 жыл» мерекелік медальдерін табыстады.


– Баршаңызды еліміздің қастерлі мерекесі Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл мерекені атап өтудегі басты мақсат – қоғамдық санада демократиялық, құқықтық, әлеуметтік және зайырлы мемлекет құруды қамтамасыз еткен Ата Заңымыздың рөлі мен маңыздылығын нығайту. Конституция заңының үстемдігі адамның құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруды паш етіп, мемлекетіміздің іргесін паш етті. Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай, біздің басты парызымыз Конституцияға ұқыпты қарап, өз елімізді, тарихымызды қалай құрметтесек, оны да солай құрметтеуіміз керек. Сондықтан баянды істеріміздің бастауы болған бас құжатымызды ардақтауымыз керек. Қоғамдық және мемлекеттік құбылыстың іргелі қағидаттарын нығайта отырып, Конституция қоғамның динамикалық дамуының факторына айналды. Ең бастысы, Тәуелсіз Қазақстанның тиімді дамуын қамтамасыз етті. Конституциямен айқындалған ережелерді жүзеге асырудың арқасында күллі әлем қазақстандық даму жолын мойындады. Халқымыздың татулығы мен тұрақтылығы нығайды. Ынтымағы жарасқан Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде көп елдерге үлгі. Мұның өзі біздің Ата Заңымызды бүкіл адамзаттық қиындықтар мен өркениетті игіліктердің қамтылғанын айқындайды. Конституция мызғымас мемлекетіміздің алтын қазығы болғандықтан, баршамыз еліміздің бүгіні мен болашағы үшін Ата Заңымызды құрметтеп, қорғап және маңыздылығын жоғалтпай сақтауға тиіспіз. Отбасыларыңызға игілік пен бақ береке тілеймін. Отанымыз Қазақ елі нығайып, дами берсін. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын, – дей келіп, бір топ азаматтарды Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының және оның астанасының қалыптасуы мен дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Астана – 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Олардың қатарында еңбек ардагерлері Софья Шаймарданова, Роза Көжекова, Клара Саржанова Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның әншілері Қатимолла Бердіғалиев, Сердеш Қажымұратов, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы Мәлік Құлшар, қалалық мәслихат депутаты Валентина Михно тағы басқалар бар.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды
Шағын модульдік реакторлар – Қазақстанның болашақ энергетикасының жаңа бағыты
Хан тоғайындағы 18 гектар аумақты шарпыған өрт толық сөндірілді

Кіру
Пікір үстеу