РУХАНИ КЕМЕЛДЕНУГЕ БАСТАЙТЫН ҚҰЖАТ
Әр заманның өз талабы бар. Дін де ата-баба тарихымен сабақтастырылып, дәуірмен үндесе насихатталуы керек. ІІІ республикалық имамдар форумында қабылданған «Жеті рухани қазық» тұғырнамасының түп негізі – осы. «Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі» тақырыбында өткен өңір имамдарының форумында осы бағдарламалық құжатты жамағатқа насихаттау мәселесі қаралды. Мешіт имамдары, медресе шәкірттері, қалалық ардагерлер кеңесінің өкілдері жиналған форумға қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов қатысты.

Әр екі жыл сайын ұйымдастырылып жүрген республикалық имамдар форумында сол кезеңдегі күрделі сұрақтарға жауап беретін құжаттар қабылданып келеді. Мәселен, 2015 жылы өткен алғашқы имамдар форумында ақида мен фиқһ ілімі айқындалып, көркем мінез сипаттарын насихаттауға арналған құжат қабылданды. Екінші форумда имамға қойылатын негізгі талаптар айқындалса, биылғы форум имандылықтан бастау алатын рухани құндылықтарды нығайтуға бағытталып отыр. Облыс имамдарының басқосуына арнайы келген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бөлім басшысы Нұрбек Есмағамбет «Жеті рухани қазықтың» қоғамдағы ішкі тұрақтылықты сақтау, имани құндылықтарды дамытудағы мазмұнына тоқталды.
– Рухани қазықтың ең басты құндылығы – имандылық. Өкінішке орай, имансыздықтың салдарынан қоғамда педофильдер көбейді, бауырлардың бір-біріне қиянат жасап отырғанын да көріп отырмыз. Алла елшісі «Кім Аллаға және қиямет күні иман етсе, көршісіне жақсылық жасасын, қонағын құрметтесін, жақсы сөз сөйлесін» деген. Яғни, қазақы болмысымызда қалыптасқан алыстағы ағайыннан көршіні жақын тарту, меймандарға қонақжайлық көрсету де имандылықтың негізі екенін көруге болады. Өкінішке орай, кейінгі кезде жақсы сөз сөйлейтіндер азайды, керісінше алаңдарға шығып, түрлі пікір айтып, ел ішінде дүрбелең туғызатындар көбейді. Ал иманды адам мұндай іске бармайды. Сондықтан жамағаттың арасында имандылықты кеңінен насихаттау керек, – деді Нұрбек Әуесханұлы.
ҚМДБ өкілі тұғырнамада айқындалған отаншылдық, білімділік, ауызбіршілік, еңбекқорлық, әділдік, мәдениеттілік құндылықтарының маңыздылығына толығырақ тоқталып, бұл амалдарды насихаттаудың қажеттілігін атап өтті.
Басқарма бекіткен екінші құжат – діни лауазымдар мен міндеттемелері. Ал үшінші құжат –діни қызметкерлер атқаратын рәсімдер тізімі. Бұл тізімге имам-молдалар, діни ұстаздар атқаратын 45 қызмет түрі енгізілген.
Облыстық дін істері басқармасының басшысы Мақсат Раманқұловтың ұсынған дерегінше, өңірде 78 имам қызмет етеді. 30 имам дін мәселесі бойынша ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері саналады. Елдің тұрақтылығы мен, халықтың бірлігін сақтауда, қоғамның дәстүрлі емес бағытқа бет алуының алдын алуда имамдардың еңбектері орасан. Облыстағы 46 мешіттің алтауында имам жоқ. Бұл имамдарға жалақының тұрақты төленбеуіне байланысты болып отыр. Дегенмен, басқарма басшысы ауылдық жерлердегі имамдардың жағдайын әлеуметтік қорлар арқылы реттеу көзделіп отырғанын айтты. Діни оқу орындарында оқып жатқан жастардың көбеюі де болашақта дін қызметкерлерінің қатарын толықтыруға кепіл болмақ.
– 4-5 жыл бұрын дін саласында оқитын түлектеріміз аз еді. Алматыда орналасқан Нұр-Мүбәрәк Египет-Ислам университетінде облысымыздан 4-5 шәкірт қана болды. Жергілікті әкімдіктің және облыс имамдарының бірлескен жұмысы арқылы батыстың шәкірттерін 50-ге жеткіздік. Одан бөлек қаламыздағы медреседе – 32, Қазақстанның өзге өңірлеріндегі медреселерде 60-қа жуық шәкірт тәлім алуда. 15 жас Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының жолдамасымен шет елдерде білімдерін жетілдіруде, – дейді Мақсат Аралбайұлы.
Дін шырақшыларының жиынына қатысқан қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы Елбасының мақаласы негізінде қабылданған «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен үндес екенін атады.
– Елбасымыз, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы екі жарым жыл бұрын «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жариялады. Бағдарламалық мақалада аталған маңызды мақсаттар мен принциптердің діни басқарма қабылдаған «Жеті рухани қазық» тұғырнамасымен ұштасып отырғанын байқауға болады. Тұғырнамадағы білімге деген құштарлық, еңбекқорлық, адамгершілік қазықтары бағдарламалық мақалада аталған сананың ашықтығы, білімнің салтанат құруы, бәсекеге қабілетті болу принциптерімен сәйкес келеді. Имамдар рухани жаңғыру жолындағы ұлағатты ұстаздар. Осы ретте бүгінгі күні жергілікті атқарушы орган тарапынан имамдардың мәртебесін көтеруге бағытталған жұмыстар жүргізілуде, – деген Бақытжан Нарымбетов рухани құндылықтарды дәріптеу жолында әкімшілік имамдармен бірлесе жұмыс атқаруға дайын екенін және рухани қазық тұғырнамасын насихаттауға қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері де атсалысатынын жеткізді.
Облыс аумағында 9 конфессияны құрайтын 78 діни бірлестік бар. Басым көбі – ҚМДБ филиалдары. Дәлірек айтқанда, облыста 46 мешіт жұмыс жасайды. Үшеуі қалада. Дегенмен, жиынға қатысқан ардагерлер 350 мыңдай тұрғыны бар облыс орталығына бұл өте аз екенін айтып қалды. Ал жергілікті әкімдік мешіт салу үшін жер бөлуге дайын. Бірақ, Алла үйін салуға ниет танытар кәсіпкер болмай тұр. Сондықтан жергілікті жамағат ҚМДБ тарапынан көмек сұрайды.

Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу