8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Қазан 2019 1689 0
Қоғам

ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІ 2021 ЖЫЛЫ 12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУГЕ КӨШЕДІ

Қазақстан мектептері 2021 жылы 12 жылдық білім беруге көшеді деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді,  деп жазды baq.kz.

Мәжіліс депутаты Сергей Симонов 12 жылдық білім беруге көшу мәселесін көтерді. Оның айтуынша, ата-аналар мен балаларға елімізде қандай жүйе бойынша оқытылатыны түсініксіз. «Бүгінде балалардың да, ата-аналардың да мектептерде не енгізіліп жатқаны, не үйрететіні жайында басы қатып  жүр. Елімізде қандай білім беру жүйесі?  11 жылдық па, әлде 12 ме? 11 жылдық білім беру кезінде бала орта білімді білу үшін репетиторларды жалдау қажет болса, 12 жылдық білім берудің әсері қандай болмақ? Осылайша балаларымыз мектепте емес, үйде көбірек оқиды», – деді депутат.

Бұл сұраққа жауап берген Аймағамбетов Қазақстанда 11 жылдық білім беру жүйесі екенін айтты.

«Өздеріңіз білесіздер, жаңартылған бағдарламалар 2015 жылы бекітілгенде дәл осы 11 жылдық мектептің 1-11 сынып аралығындағы бағдарламалары бекітілді. Тиісінше, қазір жаңартылған бағдарламалар енгізіліп жатыр. Сыныптардың 95% өтті. Келер жылы 11-сыныпты көшіру жоспарланып отыр. Қазір осы сыныптардың көшуі өте маңызды. Алдын ала дайындықсыз 12-сыныпты енгізер болсақ, бұл сынып мектеп инфрақұрылымына, педагогтарды дайындауға, жаңа оқулықтар шығаруға және тағы басқа үлкен жүктемені білдіреді.  Бұдан біз үлкен мәселелерге тап боламыз», – деді ол.

Білім министрі барлық 11-сынып жаңартылған оқу бағдарламасына ауысқаннан кейін 12 жылдық білім беруге көшу жоспарланып отырғанын айтты.

«Ұлт жоспарында көрсетілгендей, елімізде 12 жылдық бідім беру енгізіледі. 1-11 сыныптар толығымен жаңа бағдарламаларға көшкеннен кейін ғана 12 жылдыққа көшуді бастауымыз керек. 2021 жылы көшеміз деген жоспар бар және оны мемлекеттік бағдарлама жобасына қосып отырмыз», – деді ол.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
134 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
170 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
417 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
899 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1276 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1166 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1635 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2252 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2417 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2424 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2475 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2480 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2081 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2959 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
3012 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
3006 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3621 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3588 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3579 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3554 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3715 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»