17 Мамыр 2019 1597 0
Қоғам5G ТЕЛЕФОНДАР ШЫНЫНДА ДА ЗИЯНДЫ МА?..

«5G телефондар сымсыз байланыс дәуірінің авангарды саналады. Көптеген сарапшылардың пікірінше, жаңа технология осы ғасырдың артықшылығына айналмақ. Дегенмен, Ақ үйге жақын орналасқан телеарна желісі 5Gдің көзге көрінбейтін кемшілігі бар екенін және ол адам өміріне зиянын тигізетіндігін айтты», деп жазады The New York Times.
«RT America желісі «Адамзатқа жасалған қауіпті эксперимент» атты сюжет көрсетті. Онда сарапшылар 5G адам денсаулығына қауіп төндіретінін айтады. Тіпті, мамандар сюжетте жаңа жүйе ми рагын, белсіздік пен аутизм немесе жүрек ауруы мен Альцгеймерге шалдықтыруы мүмкін екенін мәлімдеді. Дегенмен, бұл пікірлердің еш ғылыми дәлелі жоқ», деп жазады басылым. Теріс мәліметті қадағалайтын New Knowledge компаниясының директоры Райан Фокстың айтуынша, бұл экономикалық соғыс амалы болуы мүмкін. «RT арнасының 5G технологиясына қарсы шығуы америкалық индустрияның 5G жүйесін енгізуді арттырумен қатар көбейіп келеді. Наурыз айында бұл қызмет түрі 30 қаланы қамтыған болатын. Ал RT America 5G жүйесінің денсаулыққа зияны туралы алғашқы бағдарламаны 2018 жылы мамыр айында көрсеткен еді. Биыл мұндай бағдарламалар саны жетіге жетті. Дегенмен, онда айтылған тұжырымдардың ешбірінің ғылыми дәлелі жоқ», деп жазады автор. Оның айтуынша, 5G жаңалықтар индустриясы, спорт саласы, дүкендер мен көлік, денсаулық сақтау саласы, сондай-ақ қалалық басқару мен үкіметтік деңгейде жан жақты қолданыла алады және желінің денсаулыққа әсерін зерттеген жаһандық ғылыми зерттеулер көптеп жүргізілген. «5G жүйесіне қарсы шығушылар бұл технологияның жоғары жиілігі телефонды денсаулыққа зиян қылатынын алға тартуда. Дегенмен, ғалымдардың айтуынша, керісінше, радиожиілік жоғары болған сайын оның адам терісіне әсері азаяды. Сәйкесінше, адамның ішкі ағзаларына кері әсері аз болады», деп жазады автор. Темпл университеті Медицина мектебінің радиология және медициналық физика профессоры Марвин Зискиннің айтуынша, 5G оған дейінгі желілерге қарағанда қауіпсіздігімен ерекшеленеді.
https://www.inform.kz/kz/5g-telefondar-shynynda-da-ziyandy-ma-the-new-york-times_a3527167
Версия для печатиhttps://www.inform.kz/kz/5g-telefondar-shynynda-da-ziyandy-ma-the-new-york-times_a3527167
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
30 Сәуір 2026
66 0
Әлем жаңалықтары
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
30 Сәуір 2026
45 0
Экономика
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
29 Сәуір 2026
78 0
Жасанды интеллект
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
29 Сәуір 2026
84 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
29 Сәуір 2026
109 0
Өзек
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
28 Сәуір 2026
110 0
Заң және тәртіп
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
28 Сәуір 2026
116 0
Қоғам
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
28 Сәуір 2026
159 0
Өзек
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
27 Сәуір 2026
145 0
Жасанды интеллект
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
24 Сәуір 2026
241 0
Ауыл - ел тірегі
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
24 Сәуір 2026
258 0
Мәдениет
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
24 Сәуір 2026
235 0
Toqaev2026
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала
23 Сәуір 2026
244 0

Кіру
Пікір үстеу