8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Наурыз 2021 1961 0
Өзек

300-ГЕ ЖУЫҚ ФУРА МЕН 50 ШАҚТЫ ЖЕҢІЛ КӨЛІК ЖОЛДА ТҰРЫП ҚАЛҒАН

БҚО ТЖД-ның мәліметінше, 10 наурызда түнгі сағат 2.41-де Шыңғырлау ауданының аумағында ауыр жүк көлігі және жеңіл автокөліктердің кептелісі пайда болғаны туралы хабар түскен.

Самара-Шымкент тас жолының 489-522 км шамасында жолдың әр учаскесінде Ақтөбе облысының шекарасына дейін 4-5 км жетпей шамамен 300 фура және 50 шақты жеңіл автокөлік тұрып қалған. Құтқарушылардың ауа райының нашарлауына байланысты ескертуіне қарамастан, жолға шыққандар биіктікке көтеріле алмай тұрып қалған.

БҚО ТЖД басшылық құрамЫ бастап, құтқарушы қызметкерлермен және арнаулы техникалармен («Тралл»,«ГТТБ»,  «Кунг»,  «Трекол») көмекке жетті. Бүгін  сағат 10-ға дейін жеңіл автокөліктер толықтай жолға шығып, сапарларын жалғастырды.  БҚО ТЖД баспасөз қызметі әлі 257  фураның тұрғанын хабарлады. Кептелісті жою жұмыстары жалғасуда.

БҚО Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындарын қыс мезгілінде жолдарда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады. Жолдардағы жағдай туралы ақпаратты «Дәрмен» мобильді қосымшасынан алуға болады. Құтқарушылардың көмегі қажет болған жағдайда «112» нөміріне хабарласу керек.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Тағылым
Ғұмар мұрасы – мұражай төрінде
16 Наурыз 2026
30 0
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
83 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
75 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
76 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
72 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»