8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Қазан 2018 4610 0
Мәслихат жаршысы

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ М.ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ БҚМУ-ДА

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасы Президентіні «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауын талдау мақсатында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесу өтті.

Кездесуге университет ұжымы, ғылыми кеңес мүшелері қатысты. Алғашқы болып Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі А.А. Құрманова сөз алып, Елбасы Жолдауында айтылған негізгі бағыттарға назар аудара келе, практикалық маңызына кеңінен тоқталды. Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі А.Қ.Нұркина мен Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің хатшысы С.Ф. Бычковалар жолдауда айтылған әлеуметтік мәселелер жөнінде сөз алды. Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Ж.Н. Нұрманбетова жоғары білім беру саласы, ғылымды қаржыландыру, педагог мәртебесі жөнінде сөз қозғады.

Кездесу барысында университет ректоры Н.Х. Серғалиев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарына «Педагог мәртебесі» туралы қабылданатын заңда мектеп мұғалімдерімен бірге, жоғары оқу орнының педагогтарының мәртебесі ескерілуі тиіс екендігін, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы өткізетін жоғары оқу орындарының рейтинг көрсеткіштеріне өзгерістер енгізу қажеттігін, жас ғалымдарға берілетін гранттық қаржыландыру жүйесін реттеу, жас ғалымдарды ғылыми зерттеу жұмыстарына үйрету үшін алдымен  шағын гранттар беру жүйесін енгізу керектігін және жатақхана құрылысына қатысты жеке серіктестермен бірлесу мәселесінде министрлік белгілеген 8 жыл уақытқа қаржы бөлуде туындап отырған қиындықтардың шешімін табу жолдарын қарастыру бағытында нақты ұсыныстар жасады.

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор В.Ю. Салов жолдаудың тұрмыс сапасын арттыру тарауының жетінші тармағы өңірлік деңгейдегі резервтерді тауып, бұқаралық спорт пен дене шынықтырудың қолжетімділігін арттыру қажеттігіне арналғанына, адам денсаулығының маңызды мәселе екеніне, осы орайда өзінің ұзақ тәжірибесі негізінде жинақталған практикалық нәтижелерді бұқаралық спортты дамытуда қолдану жөнінде ойын білдірді.

География ғылымдарының кандидаты, доцент Т.А. Терещенко қазіргі кезде педагог мәртебесі жөнінде айтылғанда, көбіне мектеп мұғалімі жөнінде сөз болып, жоғары оқу орнының оқытушыларының мәртебесі, олардың материалдық жағдайы жөнінде ұмыт қалатынына, ЖОО оқытушыларының ғылыми деңгейіне сәйкес лайықты жалақы алуға құқығы барын атап көрсете келе, педагог мәртебесі туралы дайындалып жатқан заң жобасына жоғары оқу орнының педагогтары жөнінде арнайы бөлім енгізуді ұсынды.

Кездесу соңында Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын талдау барысындағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесуде айтылған профессор-оқытушылар құрамының ұсыныстарын негізге алу жөнінде қарар қабылданды.

                                            Рита Сұлтанғалиева, М. Өтемісов атындағы БҚМУ баспасөз хатшысы

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
185 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
346 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
383 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
653 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
666 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
792 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1097 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1189 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1213 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1425 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1698 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1920 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1960 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
2106 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
2305 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»