ЗИРАТ АУМАҒЫНА ТАЗАЛЫҚ ЖҮРГІЗІЛЕДІ
30 мамыр күні Орал қаласында зират аумағын тазалау жүргізіледі.Осы орайда дін қызметкерлері қала тұрғындарын сауапты іске жұмылуға шақырады.
Былтыр елордада өткен «Ислам – мәдениет пен ізгіліктің бастауы» атты имамдардың IV республикалық онлайн-форумында «Зират және зиярат» құжаты қабылданды. Бүгінде зиярат жасауды бір тәртіпке келтіріп, жалпыға ортақ мәдениетті қалыптастыру – маңызды істердің бірі болып отыр. Жалпыға ортақ мәселеде қоғамның да атсалысуы маңызды. Осы мақсатта ҚМДБ-ның «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығы еліміздің барлық аумағында мамыр айының соңғы жексенбісі, яғни 30 мамыр күні «Өткенге құрмет – ұрпаққа міндет» бастамасымен тазалық жұмысын жүргізуді жоспарлап отыр.
Осы орайда Орал қаласындағы мешіт қызметкерлері жамағатпен жұмылып, 30 мамыр күні сағат 9.00-де дүниеден озғандар рухына Құран бағыштап, өңірдегі барлық зираттарды қоқыстан тазалау жұмыстарын жүргізу жоспарлауда.
Байланысу үшін 50-83-02, 54-12-24 телефондарына хабарласу қажет.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды

Кіру
Пікір үстеу