8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Қараша 2018 4213 0
Жалын

«ЖЫЛ ҮЗДІГІ – 2018» ЖАСТАР СЫЙЛЫҒЫ

Батыс Қазақстан облысында «Жыл үздігі» жастар сыйлығы байқауы он жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Дәстүрлі байқаудың мақсаты –  жастарды Отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу,  жастардың елдің қоғамдық-саяси, мәдени, экономикалық өміріне деген белсенділігін арттыру, дарынды жастарға қолдау көрсету. Биылғы жылы үздіктер 10 негізгі және екі арнайы аталым бойынша анықталады. Бүгін БҚО өңірлік коммуникациялар ақпарат алаңында өткен баспасөз мәслихатында БҚО бойынша «Болашақ» қауымдастығының директоры Салтанат Тұманбаева байқау шарттарын таныстырды.

Атап айтқанда, үміткерлер«Жас көшбасшы», «Студент», «Жас мұғалім», «Жас ғалым», «Өнерпаз жас», «Жас дәрігер», «Жас спортшы», «Жас маман», «Журналист», «Кәсіпкер» және «Қайсарлығы мен батылдығы үшін», «Жыл жаңалығы» аталымдары бойынша іріктеледі. Қатысушылар 14 пен 29 жас аралығындағы облыс жастары болуы тиіс (құжат тапсыру кезінде 28 жастан аспауы қажет). Қатысушылардың тек 2018 жылғы жетістіктері қаралады. Батыс Қазақстан облысы жастар премиясының жеңімпаздары арнайы құрылған комиссия шешімімен анықталмақ. Комиссия құрамында байқауды ұйымдастырушылар, әр салаға сәйкес сарапшылар, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері болады.

Алдыңғы жылдары бір аталым бойынша лауреат және дипломанттар анықталған болса, биыл тек лауреттар ғана марапатталады. Үздіктерге арнайы мүсін сыйлығы мен 100 мың теңге сыйақы беріледі.

Байқауға қатысу үшін құжаттар 7 желтоқсанға дейін Ж.Молдағалиев көшесі 19 мекенжайындағы «Болашақ» қауымдастығының кеңсесінде қабылданады. Үздіктердің есімі Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында  анықталып, салтанатты түрде марапатталады.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
352 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
440 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
496 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
508 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
558 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
777 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
808 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
759 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
711 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
755 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
937 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»