8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Қаңтар 2021 1351 0
Өзек

ЖЫЛҚЫ ІЗДЕУГЕ ШЫҒЫП, АДАСЫП КЕТКЕН

БҚО ТЖД хабарлағандай, 31 жасар екі азамат елдімекеннен 20 шақырым қашықтықта табылған. 

Кеше, 7 қаңтар күні сағат 11.00 шамасында   1989 жылғы екі азамат Сырым ауданы Аралтөбе ауылынан ВАЗ 21031 автокөлігімен жылқыларды іздеуге  шыққан. Алайда, автокөліктері бұзылып, олар адасып кеткен.

Сағат 18.33-те БҚО Төтенше  жағдайлар департаментіне олардың адасып кеткен туралы хабар түсіп, 4 қызметкер екі техникамен іздеуге шыққан.  Іздестіру тобы оларды Аралтөбе ауылының оңтүстік-шығысынан 20 шақырымда далада тауып, Аралтөбе ауылына жеткізілді. Екеуі де медициналық көмекті қажет етпеген, құтқарушыларға өз алғыстарын жеткізді.

Төтеншеліктер синоптиктердің болжамын мұқият тыңдап, бұқаралық ақпарат құралдарындағы арнайы хабарламаларды ескеру қажеттігін еске салады. Егер ауа райының тұрақтылығы мен өз денсаулығына қатысты күмән туындаса, елдімекендерден, ал кейбір жағдайларда үйден кетпеу керек.

БҚО ТЖД үсікке және адам өліміне жол бермеу мақсатында ауа райының өзгеруін, метеорологиялық мәліметтерді үнемі қадағалап отыру және қоршаған табиғатты бақылау қажеттігін айтады. Қауіпті құбылыстар (қатты көктайғақ, аяз, боран немесе бұрқасын) туындау қаупі төнген кезде үй-жайда қалып, елдімекен шегінен шықпау керек. Ауыр және артық салмақтағы киім де жолда кедергі болады. Бейтаныс жерлерге бармау керек, ауа райы нашарлап, жол көрінбей кетіп, әуреге салатынын есте ұстау керек. Төтенше жағдайлар департаментінің қатты аяз, боран, бұрқасын кезінде тұрғындардың әрекеттері туралы хабарламаларына құлақ асу маңызды.

Төтенше жағдай туындаған кезде 101, 112 номеріне хабарласыңыз.

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
498 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
302 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
779 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»